n/V=C.Сонда
Vгон =+ С
t
Гетерогенді жүйенің мысалы ретінде ішіне мырыш салынған тұз қышқылын алуға болады.
Агрегаттық күйі әр түрлі заттардың жанасу бетінде өтетін реакцияларды гетерогенді деп атайды.Гетерогенді реакцияның жылдамдығы деп фаза бетінің ауданы бірлігінде белгілі бір уақыт ішінде реакцияға қатысатын немесе реакция кезінде түзілетін заттың мөлшерін айтады.
Vгетерог.= + n , мұндағы s-реакция өтетін фаза бетінің ауданы.
S t
Сонымен гетерогенді реакцияның жылдамдығы кейбір қосым- ша факторларға : жанасу бетінің шамасына, араластыру жыл- дамдығына тәулді.Қатты және сұйық заттардың арасындағы реакциялар қатты заттың бетінде жүреді. Демек, қатты заттың ұсталу дәрежесін жоғарылату нәтижесінде оның бетінің ауданы өсіп,сұйықтың қатты заттың бөлшектерімен араласуы артады.Осыған байланысты барлық қатты реагенттер ірі бөлшек емес,ұнтақ түрінде қолданылады. Мысалы,егер сұйытылған тұз қышқылы бар бір сынауыққа мырыш түйіршігін салса,ал екіншісіне сондай массалы мырыш ұнтағын салса, сонда бірінші сынауықта – сутек жайлап бөлінеді,ал екіншісінде – сұйықтық көпіре,шабытты бөлінеді: Zn+2HCl=ZnCl2+H2
Гетерогенді реакциялардың жылдамдығы затты тасымалдау процесімен (конвекция және дифузия)
тығыз байланысты. Гетерогенді реакция барысында әрқайсысының өзіндік жылдамдығы бар, кем дегенде үш сатыны бөлуге болады:
1.әрекеттесуші заттарды жанасу бетіне жеткізу V1
2.бетте жүретін химиялық реакция V2
3.беттен реакция өнімін алып кету V3
Мұндай реакциялардың жылдамдығы, көбінесе заттарды тасымалдау жылдамдығымен анықталады.Алайда барлық жағдайларда гетерогенді реакцйялардың жылдамдығы заттарды тасымалдау жылдамдығымен анықталмайды.Кейбір
реакциялардың анықтаушы сатысы екінші саты –химиялық реакция болып табылады. Реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын сатыны лимиттенуші саты деп атайды.
Хабарлама «Дмитрий Владимирович Сокольский»
|
14-15
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |