Сұрақ:Валенттілік нолге немесе теріс бола ала ма? (Жоқ)
*Қосылыстардағы атомның күйін білу үшін «тотығу дәрежесі» деген ұғым енгізілген. Тотығу дәрежесі-
Сұрақ:Валенттілік нолге немесе теріс бола ала ма? (Жоқ)
*Қосылыстардағы атомның күйін білу үшін «тотығу дәрежесі» деген ұғым енгізілген. Тотығу дәрежесі- атомның берген немесе қосып алған электрон санымен анықталады. Сұрақ: Тотығу дәрежесі қандай мәндерге ие?
А) Электронын басқа атомға беретін атомдар оң тотығу дәрежесіне ие болады,олардың электртерістігі қосылыстағы жұбымен салыстырғанда кем болады. Электронды басқа атомнан қосып алатын атомдар теріс тотығу дәрежесіне ие болады,олардың электртерістігі қосылыстағы жұбымен салыстырғанда артық болады. Жай зат молекуласындағы атомдардың тотығу дәрежесі нөльге тең болады. (мысалы: N2,0O20,H20,CI20,F20,I02,Br02 Zn0, Fe0).
Элемент атомының тотығу дәрежесі –шартты ұғым,оны заттарды жіктегенде,қасиеттерін сипаттағанда қолданып,элементтің қандай қасиет көрсететінін анықтайды.Мысалы күкірттің күкірт қышқылындағы тотығу дәрежесі+6,яғни ол басқа электрон бере алмайды,тотықтырғыш қасиет көрсетеді,ал күкірсутекте күкірт ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетіп тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.Тотығу дәрежесі көп жағдайда валеттілікке сәйкес келмейді.