Сабақ реті: күні Тақырыбы


Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары



бет70/84
Дата05.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#17090
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   84
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандығы жүйенің күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды.
Тепе-теңдік орнаға кезеңдегі әрекеттесуші заттардың концентрацияларын тепе-теңдік концентрациялары деп атайды.Әдетте олар моль /л-мен өрнектеліп ,квадрат жақшада беріледі,мысалы,[A],[B],[C],[D] және Химиялық тепе-теңдік бұзылғанға дейін олардың мәндері өзгеріссіз қалады.
Қайтымды реакциялар жағдайында бастапқыда заттардың реакция өнімдеріне айналу дәрежесі химиялық тепе-теңдік күйемен анықталады,оның сипаттамасы химиялық тепе-теңдік константасы(К) болып табылады.Ол сан жағынан реакция өнімдерінің тепе-теңдік концентрацияларының көбейтіндісін бастапқы заттардың тепе-теңдік концентрацияларының көбейтіндісіне бөлгенге тең.Тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының қатынасы кері реакцияға қарағанда тура реакция қанша есе жылдам журетінін көрсетеді.
Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес тура(v тура )және кері(v кері) реакцияның жылдамдықтары мына теңдеулермен өрнектеледі:
VТУРА=kТУРА[A]` [B]
VКЕРІ=kкері[C] `[D]
Әрбір қайтымды реакция берілген температурада бастапқы заттардың реакция өнімдеріне айналуын анықтайтын тепе-теңдік константасының белгілі мәнімен сипатталады.К>>1 алынған алынған заттардың концентрацияларының көбейтіндісі бастапқы заттардың концентрацияларының көбейтіндісінен көп есе артық болады. К<<1кезінде,керісінше реакция өнімдерінің шығымы өте аз.Бірінші жағдайда жүйенің тепе-теңдігі реакция өнімінің түзілу жағдайына қарай ығысқан,екінші жағдайда-бастапқы заттарға қарай ығысқан.
Химиялық тепе-теңдік кезінде бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің концентрациялары өзгеріссіз қалады.Бірақ химиялық тепе-теңдікті статикалық деп ұғынуға болмайды.Қайтымды қайтымды раекциялар әдетте аяғына дейін бармайды.Тура және кері реакйиялар тепе-теңдікке жеткеннен кейін де жүріп жатады,бірақ олардың жылдамдықтары бірдей болғандықтан,жүйедегі өзгерістер байқалмайды.Сондықтан тепе-теңдік динамикалық деп аталады.
Сонымен тұрақты температура кезінде қайтыды реакцияның тепе-теңдік константасы тепе-теңдік кезінде айқындалатын реакция өнімдерінің концентрациялары мен бастапқы заттардың арасындағы арақатынасты көрсететін тұрақты шама.
Тепе-теңдік константасының теңдеуі тепе-теңдік жағдайында реакцияға қатысатын барлық заттардың концентрациялары өзара байланысты екенін көрсетеді.Кез келген осы заттың концентрациясының өзгерісі барлық қалған заттардың концентрацияларының өзгеруіне әкеледі,бірақ жаңа тепе-теңдік орнағанда,олардың арасындағы қатынас осы температураға сай тепе-теңдік константасымен сипатталады.
Гетерогенді реакция-дың тепе-теңдік константасының өрнегіне тек қана газ немесе сұйық фазадағы заттардың концентрациялары кіреді.
Тепе-теңдік константасының шамасы әрекеттесуші заттардың таби ғаты мен температураға тәуелді.Катализатор тура және кері реакция -лардың белсендіру энергияларын бірдей шамаға өзгертетіндіктен,ол жылдамдық константаларының қатынасыны әсер етпейді.Демек, ре -акция шығымын арттырмайды және кемітпейді.Ол тек қана тепе-тең- діктің орнауын тездетеді. Қайтымды реакциялар жүргенде тура және кері реакциялардың жылдамдықтарының теңелуі нәтижесінде жүйеде тепе-теңтеңдік орнайды.Тепе-теңдік берілген температурада тепе-теңдік константасының мәні арқылы сипатталады.

14-15



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет