«Шығармашылық қуаныш» оқушылар фестивалі шеңберінде техникалық шығармашылық бойынша ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: «Тұздалған кәдесый»
Өткізілген күні: 2015ж 18 желтоқсан.
Өткізілген орны: «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі КМҚК, №6 кабинет
Қатысушылар: 1 курс оқушылары, Пн-1-76 тобы, кәсібі «Аспазшы»
өндірістік оқыту шебері Садриденова Алмира Маратқызы
Искусство заключается в том, чтобы найти необыкновенное в обыкновенном и обыкновенное в необыкновенном.
Дидро Дени
Сабақ мақсаты: Тұздалған қамырдан магнитті кәдесый дайындау
Міндеттері Оқушыларды қамырдан кәдесыйларды мүсіндеу техникасын үйрету.
Іс-шаралар: шығармашылық талғамдарын және қиялдарын, саусақ ептіліктерін, зейінділіктерін дамыту
Сабақ үлгілері: техникалық шығармашылық бойынша ашық сабақ
Өткізу әдісі: Сөздік, презентациялық, практикалық
Сабақты құралдандыру және жабдықтау:
Дайын жұмыстар көрмесі, шикізат және
құралдар үлгілері, мультимедиялық проектор,
Power Point «магнитті кәдесый» презентациясы,
"тұздалған қамырдан кәдесыйларды мүсіндеу" видеоролигі
Сабақтың практикалық 1.қамыр үшін: ұн, су, тұз
бөлімі үшін материалдар 2. оқтау
3. Бояулар (акварель, гуашь)
4. сурет салу үшін қылқаламдар
5. Қайшылар
6. Қосымша сәндеуге арналған заттар
7. Стэктер, тіс тазалағыштар
8. Желім және магниттер
Жұмыс формалары: Сабаққа қатысушылардың жеке жұмыстары (қонақтар мен оқушылар)
Ашық сабақ жоспары
№
|
Бөлім атауы
|
Сипаттамасы
|
1
|
Қамырпластикамен таныстыру
|
Қамырпластиканың пайда болу тарихы, тұздалған қамырдан жасалған кәдесыйлардың түрлері, техника қолдану саласы
|
2
|
Жұмыс техникасы
|
Тұздалған қамыр және кәдесыйларды дайындау үдерісін жете сипаттау. (қажетті құралдар мен мүліктердің тізбесі). Жаңа бастаушыларға пайдалы кеңестер
|
3
|
Көрме үстелін ұйымдасытру
|
Бұрын дайындалған табиғи үлгілердің көрмесін дайындау.
|
4
|
Презентация және видеоролик
|
«Магнитті кәдесый» слайд көрсету, видеоролик «Тұздалған қамырдан кәдесый мүсіндеу» (интернет-ресурстар)
|
5
|
Сабақтың практикалық бөлім
|
Қатысушылардың жеке жұмыстары
|
6
|
Қорытынды
|
Жұмысқа тұжырымдар мен ұсыныстар
|
«Шығармашылық қуаныш» оқушылар фестивалі шеңберінде «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК шығармашылық шеберханасында тұздалған қамырдан жасалған магнитті кәдесый дайындау бойынша сабақ жүргізілді.
Қолданбалы өнердің –қамырпластика деп аталатын тамаша түрі бар.
Гималайда тұратын халық қазірге дейін ағаш формаларының көмегімен арпа ұнынан ерте кезде құдайға құрбандыққа шалған адамдар мен жануарларды алмастыратын фигуралар жасайды.
Қамырпластиканың тарихы өте тереңде жатыр. 17 ғасырдан бастап Қытайда қамырдан морионеткалар жасайды. Грецияда қамырдан дәстүрлі түрде сәнді өрнектелген әдемі гүлтәж жасайды. Өзбек әйелдері ұрпақтан-ұрпаққа үйлердің қабырғаларына ілетін сәндік қалаштар жасайды. Польша, Чехия және Словакияда ғасыр бойы қамырдан жасалған картиналар өте танымал болып қалады. Рождествоның басты белгісі шырша болғанда кедей адамдар нан қамырынан рождестволық өрнектер дайындады.
Әшекейді жәндіктер мен тышқаннның кеміргенінен сақтау үшін қамырға көп тұз қосады. Осылай тұздалған қамыр пайда болды. Біздің осы уақытта дәстүр жандана бастады. Соңғы отыз жылда бұл өнер түрі өзінің табынушыларының аясын кеңейтіп үлкен қызығушылыққа ие болды. Қамырмен жұмыс- саусақ бұлшық еттерінің дамуына, сипап сезу көмектесетін жаттығу. Іждахаттылыққа, тазалыққа, төзімділікке, көзбен мөлшерлеуге, саусақ ептілігіне, технологиялық операцияларды иемденуге, ең алдымен кез-келген жұмысқа шығармашылықпен қарауға, тұздалған қамырдан бұйым жасау арқылы өз ойын білдіруге тәрбиелейді.
Тұздалған қамырдан мүсіндеу үлкен рақат және қуаныш. Бұл экологиялық таза материал, сондықтан оны барлық жастағы балаларға сеніммен беруге болады.
Бұл өнер түріне аз шығын жұмсалады, өте үлкен мүмкіндікке ие, өйткені
барлық қажетті материалдар қолда бар, ал нәтижелері күткеніңнен озып кетеді.
Тұздалған қамырдан әр түрлі бұйымдар: адамдардың, жануарлардың фигураларын, магнитті кәдесый, қамырдан картиналар, жаңа жылдық ойыншықтар жасауға болады.
Дегенмен қамырдан жасалған бұйымдар көне дәстүрлі болса да, қазіргі заманда орнын табуда, өйткені қазір экологиялық таза және өз қолымен жасалған заттар бағаланады.
Бүгін тұздалған қамырмен жұмыс жасай отырып, көбі қамырпластика, биокерамика, және де ұн тұздау сияқты әдемі атаулар табуда! Бірақ та қалай атаса да нәтижесі біздің күткенімізден асып кетеді. Тұздалған қамырдан жасалған шедевр- бұл әрқашан бір оқиға! Қамырпластика- бұл өз күшіңді қайта қалпына келтірудің тамаша тәсілі. Сіздерге шабыт тілейміз, шығармашылықтарыңыз қуанышқа толы болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |