Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша жаңа сабақты «Презентация» тақырыбын қолдана отырып бекіту. Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата23.08.2017
өлшемі476,35 Kb.
#25245
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша жаңа сабақты «Презентация» тақырыбын қолдана отырып бекіту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютер мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша білімдерін бекіту, пысықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттыру, эстетикалық танымын дамыту, болашақта алған теориялық білімдерін практикада ұштастыра білу.

Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, Office қосымшаларын басқа пәндерді оқығанда тиімді қолдана отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Презентация-сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа тарауды бекіту.

Сабақтың әдісі: Баяндама, түсіндіру, қорғау, диалог, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер. Электрондық оқулық, оқушылардың дайындап әкелген презентациялары. MS PowerPoint бағдарламасы. Интерактивті тақта.

Жаңа технология: Электрондық оқулық, М.Жампейсованың «Модульдік оқыту» технологиясы. Ақпараттық технология.

Пән аралық байланысы: информатика, химия.

Сабақтың жоспары:

І кезең. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі. (5 минут)

ІІ кезең. Үй тапсырмасы:

  1. Металдардағы электр тогы. (1 топ – 7 минут)

  2. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы. (2 топ – 7 минут)

  3. Электролиттердегі электр тогы. (3 топ – 7 минут)

  4. Газдардағы электр тогы. (4 топ – 7 минут)

  5. Вакуумдегі электр тогы. (5 топ – 7 минут)

ІІІ кезең. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма беру. (5 минут)

I кезең. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таңыстыру. Оқушылардың көңіл күйін, дайындығын қарап, сабақты бастау.

II-кезең: Үй тапсырмасы. «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша топ 5 топқа бөлініп, әр топқа өз тақырыбы бойынша презентация жасап әкелу тапсырылған. Баяндамашылар кезек-кезек шығып үй тапсырмасы бойынша жұмыстарын қорғайды. Баяндамаға 4-5 минут уақыт беріледі. Болған соң басқа топ мүшелері, мұғалім (1-2 минут) баяндама жасап тұрған топқа сұрақ қойып, білімдерін тексере алады.

1 топ. Металдардағы электр тогы. Топ жетекшісі –Абдужалилов А. Топ мүшелері: Ахмедов М., Журабеков Д.

Слайд 1 Слайд 2



Слайд 3 Слайд 4



Слайд 5 Слайд 6






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет