37 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Электр және магнит құбылыстары жайлы мағлұмат беру ,
Электр және магнит құбылыстарының формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Бағалау критерийлері: Электр және магнит құбылыстары жайлы мағлұмат бере алады
Электр және магнит құбылыстарының формулаларын есептер шығаруда қолдана біледі
Ой қозғау. ( атауы мен формуланы сәйкестендіріп, дұрыс формуланы дәптерлеріңізге жазасыздар)
1.Ток күшінің формуласы A=q·U
2.Өткізгіш кедергісінің формуласы P=I2·R
3.Электр өрісі жұмысының формуласы R=ρ·l/S
4.Электр қуатының формуласы I=q/t
Есептер . Дәптерлеріңе есептің шартын жазып шығарасыздар
1. Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?
2. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, ұзындығы 8 м никель сымның кедергісі неге тең? Егер сымның ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, оның бойынан қандай ток өтеді? (ρ=0,4 Омּмм2/м).
3. Кедергілері 36 және 72 Ом электр пешінің спиральдарын параллель жалғанып, кернеуі 36 В тұрақты ток көзіне қосылған. Электр пешінде бөлінген қуатты анықтаңдар.
4. Электр шамы кернеуі 220 В желіге қосылған. Шам арқылы өткен ток күші 0,3 А. 20 с ішінде шамдағы электр тогының жұмысы қаншаға тең?
5. Тізбектің кернеуі 120 В бөлігіндегі 5 Кл зарядты қозғағанда электр өрісі қандай жұмыс жасайды?
6. Көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 нихром сымның электрплита кедергісі 80 Ом спираль әзірлеу үшін, ұзындығын қалай етіп алу керек? ((ρ=1,1 Омּмм2/м
Тест (Дәптерлеріңе нақты жауабын жазып жібересіздер)
1. 1820 жылы магнетизм ілімі бойынша жаңалық ашқан физик.
А) Г.Герц
Б) Х.Эрстед
С) А.С.Попов
Д) А.Ампер
Е) Г.Ом
2. Магниттің неше полюсі бар?
А) 2
Б) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6
3. Магнит өрісінің неше қасиеті бар?
А) 2
Б) 4
С) 3
Д) 5
Е) 6
4. Тұйықталған күш сызықтары бар өріс.
А) электр өрісі
Б) магнит өрісі
С) электростатикалық өріс
Д) құйынды өріс
Е) біртекті өріс
5. Магнит өрісінде қозғалатын зарядқа әрекет ететін күш
А) Кулон заңы
Б) бұранда ережесі
С) оң қол ережесі
Д) сол қол ережесі
Е) Лоренц күші
Үйге тапсырма осы есептердің барлығын толық шығарып смартқа саламыз.
Дескриптор:
1.Формулаларды сәйкестендіре алады;
2. Есептің барлық мазмұнын толық түсінеді
3. Есепте өлшем бірліктерінің халықаралық бірліктер жүйесіне айналдыруды біледі;
4. Есептің қажетті формуласын жаза алады
5. Есептің мәнін таба алады
6. Тест тапсырмасын орындай алады
Достарыңызбен бөлісу: |