Сабақ Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлік Мақсаты



бет1/3
Дата16.11.2023
өлшемі2,5 Mb.
#191470
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
940 Word (1)


Бекітемін
Мектеп директоры:
__________Нуралиева Ж
« » 2015 ж
6 сынып Байсенгирова А.К

Экономика

Күні 04.03.2015 жыл

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Кәсіпкерлік

Мақсаты

Кәсіпкерлік туралы түсінік беру. Кәсіпкерліктің түрлері, кәсіпкерге тән қасиеттер туралы, кәсіпкерлік мақсатына жету жолындағы қиыншылықтар мен табыстарға қол жеткізуге болатындығы арқылы оқушыларды алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу.

Жұмыс нәтижесі

Кәсіпкер, кәсіпкерліктің түрлері жайында жаңа түсініктер қалыптасады, өмірмен байланыстыра біледі.

Сілтеме

Қ.Ж. Ағанина, С. Сатыбалдин, Т. Ермекова, Ш. Кененбаева, А. Подмазенко, Ж. Қасымова, Т. Байкенов Экономикалық білім негіздері. Оқулық 2000 ж

Әдістер мен тәсілдер

Диалогты оқыту; Сыни оқыту; АКТ-ны қолдану; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды

Ресурстар

Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы, стикер

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

5.1 Кәсіпкерлік

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Сергіту сәті. «Сауда белгісін» қорғайды.
Мұғалім әр тапсырманы теңгемен бағалайды.
Үй тапсырмасын сұрау. Деңгейлік тапсырмалар.

  1. 1. Пайданың формуласы қандай? (Т-Ш =П)

  2. 2. Пайда неге байланысты? (Шығынға байланысты болады)

  3. 3. Пайда дегеніміз не? (табыс пен шығындардың айырмашылығы)

  4. 4. Қандай өндіріс шығындарын білесің? (жұмыскерлерге жалақы төлеу, шикізат сатып алады, электр қуатын төлеу керек, аренда, жер учаскесінің төлемін жасау )

  5. 5. Егер шығындар табыстан артық болса? .(фирма зиян шегеді)

  6. 6. Фирманың басты мақсаты не? (көбірек пайда табу)

  7. 7. Пайданы тағы қалай атауға болады? (Таза табыс)

  8. 8. Фирмалардың пайдасы әр түрлі болады. Неліктен? (шикізатты арзан бағамен сатып алу есебінен, өндірісті жақсы ұйымдастыру есебінен, жаңа технологияларды пайдалану есебінен)

  9. 9 . Егер табыстар шығыннан артық болса, онда.... (фирма пайдаға шығады)

І топ «Рахат» кондитерлік фабрикасы
Эмблемасы, Ұраны: «Үнемделген уақыт – қалтадағы артылып қалған ақшамен тең»
ІІ топ «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы
Эмблемасы, Ұраны: «Уақыт ақша, ал тиімді жұмсалған уақыт- көп ақша»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет