САБАҚ:
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер
|
Мектеп:
Орал қаласы, № 47 ЖББОМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Диярова Аймгул Сатиевна
|
СЫНЫП: 7
|
Қатысқандар саны: 21
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақыырыбы :
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер
|
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары (мақсаттары)
|
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің қандай екендігін біледі, берілген үшбұрышқа сырттай шеңбер сызуды игереді, есептер шығаруда қолдана алады.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар
|
Үшбұрыш, және олардың түрлерін, шеңбердің анықтамасын біледі. Үшбұрышқа іштей шеңбер сызып, берілгенін жаза алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Үшбұрышқа іштей шеңбер сызып, оны салуы бойынша тұжырым жасайды.
|
Кейбір оқушылар:
|
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер туралы теореманы өздігінен дәлелдей алады, есептер шығаруда қолдана алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамасын бере алады, сұрақтарға математикалық тілде сауатты жауап бере алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Үшбұрыш, үшбұрышшқа сырттай сызылған шеңбер,хорда,диамер,орта перпендикуляр,теорема дәлелдеу
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
|
Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?
|
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
|
Алдыңғы оқу
|
«Жазықтықтағы нүктелердің геометриялық орны: орта перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы» тақырыбында оқушылар үшбұрыштың орта перпендикулярын, бұрыштың биссектрисасын жазықтықта орналасуы бойынша тапсырмалар орындап, жұмыстарын дәлелді тұжырымдауға үйренді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
(12 мин)
Психологиялық
дайындық
Білу
|
Сергіту сәті . «Биле, биле» әуенді қосып, оқушылармен бірге музыка ырғағымен би жаттығуларын жасайды. ( 2 мин)
Топқа бөлу . Оқушылар әр түрлі түсті фигуралар арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз орындарына жайғасады. (2 мин)
Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі.
Әр критерийге жауап беруі 5 ұпаймен бағаланады.
Оқушылардың аты-жөні
|
ұпай
|
Анықтамаларды жатқа білуі;
|
|
Математикалық білімі, яғни есеп шығара алуы;
|
|
Сұрақтарға математикалық тілмен жауап беруі;
|
|
Логикалық ойлауы, жылдамдық әрекеті;
|
|
Топта жұмыс істеуі;
|
|
Қорытынды баға
|
|
Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы :
Жинап алған ұпайлар саны
|
Баға
|
20-25 ұпай
|
«5»
|
15-20 ұпай
|
«4»
|
10-15 ұпай
|
«3»
|
5-10 ұпай
|
Бағаланбайды
|
Сайланған топ басшыларға бағалау парақтарын үлестіремін.
1. Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісімен тексеріледі. ( 5 мин)
Әр топқа үшбұрыштың түрлерін және шеңбердің фигураларын беріп, олардың сәйкестендіру арқылы «Ой толғау» жүргізеді.
2. «Жұптық жұмыс» Оқушыларға семантикалық кестеде бірнеше тапсырма беріледі. Тапсырманы жұбымен талдап отырып орындап, жауаптарын келесі жұптармен салыстырады, топта бөліседі. ( 3 мин)
|
|
|
|
|
|
Хорда
|
|
|
|
|
|
Биссектриса
|
|
|
|
|
|
Бұрыш
|
|
|
|
|
|
Диаметр
|
|
|
|
|
|
Центр
|
|
|
|
|
|
Доғал
|
|
|
|
|
|
Тік
|
|
|
|
|
|
Сүйір
|
|
|
|
|
|
Доға
|
|
|
|
|
|
Ұзындық
|
|
|
|
|
|
Қабырға
|
|
|
|
|
|
|
«Биле, биле» бейнежазба
Фигуралар
(үшбұрыш, квадрат, тіктөртбұрыш, шеңбер)
Бағалау критерийі
семантикалық кесте
|
Ортасы
( 24 мин)
Түсіну
Қолдану
Талдау
|
Жаңа тақырыпты түсіну ( 10 мин)
«Джигсо» әдісі бойынша оқушылар тақырыпты кеңінен ашады, түсінеді.
Үшбұрыш сызады.
Оның төбелерін А,В,С деп белгілейді.
Мақсат:АВС үшбұрышына сырттай шеңбер сызу.
Шеңбер сызу үшін нені білу керек?
Шеңбердің центрін қалай табады?
Шеңбердің центрін табу үшін үшбұрыш қабырғаларының орталарын сызғышпен өлшеп табады;
• Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланып,табылған нүкте арқылы үшбұрыш қабырғасына перпендикуляр түзу жүргізеді;
• Үш перпендикуляр бір нүктеде қиылысатынын түсінеді;
• Шеңбердің центрін табады.
Оқушылар жауаптарының дұрыстығына көз жеткізу үшін оқулық бойынша теореманы дәлелдейді.
Теорема: Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі үшбұрыш қабырғаларының орталары арқылы жүргізілген перпендикулярлардың қиылысу нүктесі болып табылады.
Радиус неге тең деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жұмысын байқап, қажетіне қарай кейбіреуіне көмек көрсетемін.
Тақырыпты түсінгендері туралы «Бағдаршам» әдісін қолданады.
«Үшбұрыштар» тақырыбы бойынша тапсырма орындайды. ( 7 мин )
Жеке жұмыстанып, жауабын тақтада тексереді.
«Басбармақ» арқылы өзін-өзі бағалайды.
|