№ 22 Оқу-тәрбиелеу кешені КММ
А Ш Ы Қ С А Б А Қ Ө Н Д Е У І
Тақырыбы:
«Бизнестегі математика»
Тренинг сабақ
Сыныбы: 9 А
Өткізген: Алдабергенова С.Ж.
Көкшетау қаласы, 2013-2014 оқу жылы
Көкшетау қаласы № 22 Оқу-тәрбиелеу кешені КММ жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Алдабергенова Сәуле Жүнісқызы
Дәстүрлі емес сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Бизнестегі математика Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игерте отырып, алған білімдерін қолдана білу іскерліктермен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:Әрбір жеке тұлғаның адамгершілікке ұмтылып, әсемдікті сүйе білу. Экономиканы оқыта отырып, оқушыларға үнемділікті дәл сезінуді үйрету, кәсіби бейімдеу
Тәрбиелік: Оқушылардың экономикалық мәдениеттілігімен іскерлігі арқылы алған білімдерін қолданып, дұрыс шешімін анықтап, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ Көрнекілігі: компьютер, экран, дискет, үлестірме материалдар, тест.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:
1-сессия. 1.Презентация (әр топ өздерін таныстыру; топтың аты, девиз) 2.Күтілмеген нәтиже (мақсат) 3.Келісім қабылдау
2-сессия.
«Бизнес пен кәсіпкерлікке көзқарас» 1. Бизнес, кәсіпкер деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?Кәсіпкерлік-адамдардың тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін өтеуге және пайда алуға бағытталған ынталы дербес қызметі. Өз ісі бар, кәсіпорын иесі – кәсіпкер болады. Бизнес сөзі ағылшын тілінен аударғанда « іс» дегенді білдіреді. Бизнесте табысқа жету үшін білім, терең ойлау жақсы құрал-жабдық, көп шыдам керек. Американдық жазушы Пол Хокен былай деген: «Егер сен өз бизнесіңді бастағың келсе,ол сенің және де тек сенің ісің болған кезде ғана табысқа жетесің. Ол планетадағы бірде-бір іске ұқсамау керек. Өз бизнесіңді бастағанда әңгіме ақша туралы тіпті болмайды. Бұл сенің өмірде бірдеңеге жарайтыныңды көрсету керек» деген болатын.
2.Бизнеспен айналыса білу қызметін бағалау.
Т е с т
Әр сұраққа жауап 0-ден 10 ұпайға дейін бағаланады.Толық жағымды жауап 10 ұпай, «жоқ» деген -0 ұпай, «иә» де емес «жоқ» та емес -5 ұпай.Барлық ұпайларды қосу керек
С ұ р а қ т а р ы: 1) Өзіңді жеке қалғанда, біреу бақылап тұрған кездегідей ұстайсыңба?
2) Қулықты пайдалы қасиет деп есептейсің бе?
3) Көшеде танымайтын адаммен сөйлесе аласың ба?
4) Қазір қандай түстің сәнде екенін білесің бе ?
5) Егер үйде жол жүру билетін ұмытып кетсең, автобуста билетсіз жүре аласың ба?
6) Өз таныстарыңның табысын қызғанасың ба?
7) Жас жағынан үлкен туыстарыңа «сіз» деп сөйлейсің бе?
8) Кездесуге уақытында келесің бе?
9) Егер сені 100 теңгеге алдаса ренжисің бе?
10) Сен қалалық көлікте кез келген бос орынға отырасың ба?
11) Сен таксидің тек артқы орындығына ғана отырасың ба?
12) Біреуді сынағанды жақсы көресің бе?
13) Әрқашан бір ескерту жеткілікті деп санайсың ба?
14) Сен вокзалда чемоданды тіпті танымайтын адамға тастап кете аласың ба?
Ж а у а п т а р ы:60-140 ұпай. Сендер табиғаттан бизнесменсіңдер. 50-139 ұпай. Сендер бизнесменге тән қасиеттерге ие емессіңдер, бірақ сендерге бизнесте табысқа жетудің нақты мүмкіндіктері бар. 25-39 ұпай. Сен екәсіпкер бола алмайсың. Жауаптарың сендердің адал және тәрбиелі адамдар екндіктеріңді білдіреді.
3.Сендер кәсіпкерлікпен айналысуға қандай себептер себепші болатынын ойлаңдар.
а) Тәуелсіз болуға тырысу; б) ірі қаржылыққа жету ниеті; в) ұжымның қарапайым мүшесі болғысы келмеуі; г) творчестволық бостандыққа ұмтылуы; д) таныс емес істе өз күшін сынауы; е) дүние жүзін көру мүмкіндігі.
3-сессия Мектеп компаниялары шағын бизнес кәсіпорынның әрекет етуші моделі, яғни бизнес фирмалары. Оқушылардан құралған бизнес фирмалары Қазақстанда әрекет еткеніне бірнеше жыл болды. Олар өз бизнесі үшін өндірістік қызметтің мынандай түрлерін таңдайды: ағаштан үйде қолданылатын бұйымдар; табиғи заттан жасалған заттар, кәдесыйлар; тоқыма бұйымдары, жұмсақ ойыншықтар, безендірулер, емдік шөптер жинау, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру.
Мектеп компаниялары қандай қызмет көрсетеалады?
Шоу бизнес ( дискотекалар, концерттер, мерекелік кештер), бөлшек сауда, кеңес беру қызметтері, репетиторлық, компьютерлер сату және оларға қызмет көрсету, кеңсе бөлмелерін жөндеу, егде адамдарға қызмет көрсету т.б.
-Компания құрылғаннан кейін атын таңдайды қаржыландару көздерін қарастырады.
-Жаңа кәсіпорын немесе мектеп компаниясы болсын алдағы жұмыстарын жоспарлайды.
Жоспарлау, болжау дегенді қалай түсінесіңдер?
Жоспарлау – болашақта жасалатын нәрселерді ойлану және детальді түрде жоспарлайды. Болжау – іске асырылатын болашақта күтілетін оқиғаларды суреттеу. Бизнес жоспарда түсетін пайда мен жұмсалатын шығындар есептеледі.
4-сессия«Пайда мен шығын» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?Пайда -шығындардан артылған табысқа тең сома. Шығындар- өндірілетін тауарлар немесе қызмет көрсетуді дайындау және сатуға жұмсалатын барлық ақша қаражаттары; қызметкерлер жалақысы; электр қуаты; машиналар, құрал-жабдықтар, бөлмені жалдау, шикі заттар сатып алу т.б.
Әр кәсіпкер өз тауарын өндіру мен сатуға жұмсалған барлық ақша шығындарының мөлшерін көрсетіледі. Зиянға ұшырататын қателерге кездеспес үшін кәсіпкер өзіндік құн калькуляциясын құрайды. Құн калькуляциясы – бір тауар немесе ұсынатын қызметтің әр түрін өндіру мен сатуға жұмсалатын шығындарды есептеу әдісі. Тауар немесе қызмет көрсетудің өндіруге жұмсалатын шығындар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Тікелей шығындар – материалдар мен еңбекке жұмсалатын қаржы.
Жанама шығындар – кәсіпорын иесінің, сатушының, күзетшінің жалақысы, кеңсеге жұмсалатын шығындар, кеңсе мүліктер, телефон ақысы, несие проценті т.б.
Тікелей Еңбекке ақы материалдық + төлеуге + Жанама = Жиынтық шығындар жұмсалатын шығындар шығыңдар
шығындар
Өз бизнесін жаңа бастаған компаниялар, өкінішке орай шығындарды білмейді, өзіндік құнын дұрыс есептей алмайды, өз өніміне дұрыс баға қоймайды да зиян шегеді.
Шығынды анықтау үшін мынандай жаңадан құрылған «Жібек жолы» атты ательесі жақында ашылған кәсіпорын. Ателье сәнді жейделер шығарады. Тауар бірлігінің калькуляциясын жасау керек. Ол үшін не істеуіміз керек?
1-ші қадам. Тікелей материалдық шығындарды есептеу. Оларды атайық. Оған не жатады? Бір жейдеге 2м мата, 4 түйме, 1,5 орам жіп жұмсалады. Мына кестеге назар аударайық: кестеде 1 ай ішіндегі материалдық шығын көрсетілген.
Тікелей материалдық шығындар
|
Бірлік
өлшемі
|
Сатып
алынатын
баға
|
Бірлік
саны
|
Сома
(теңге)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5= 3*4
|
Мата: лавсанды мата
|
М
|
500
|
440
|
220 000
|
Түймелер
|
дана
|
15
|
880
|
13 200
|
Жібек жіптер
|
орам
|
50
|
44
|
2 200
|
Барлығы___________235_000'>Барлығы
|
|
|
|
235 000
|
2-ші қадам. Еңбекке төленетін ақы шығындарды есептеу.
№
|
Қызметкер, лауазым
|
Өндірісте жұмыс істейтіндердің айлық жалақысы
|
1
|
Иесіне
|
7 000
|
2
|
Пішуші
|
12 000
|
3
|
Тігінші
|
10 000
|
4
|
Тігісті өңдеуші
|
8 000
|
5
|
Үтіктеуші, тегістеуші
|
6 000
|
|
Барлығы
|
43 000
|
3-қадам. Жанама шығындар сомасын есептеу.
№
|
Шығындар түрлері
|
Сома (теңге)
|
1
|
Жал
|
20 000
|
2
|
Электр қуаты және
|
4 000
|
3
|
Құрал-жабдықтар
|
5 000
|
4
|
Сақтандыру
|
2 000
|
5
|
Кеңсе тауарлары
|
1 000
|
6
|
Банктен алынған несие проценті
|
6 000
|
7
|
Телефон және почта қызметтері
|
700
|
8
|
Жарнама және тауарды жылжыту жөніндегі қызмет (реклама)
|
6 000
|
9
|
Басқа жұмыстарға қатысқан үшін еңбекке ақы төлеу:
Өндірісті басқарушыға
Есепшіге
Өткізу әкімшілігіне
|
8 000
3 000
12 000
|
10
|
Сыпырушыға
|
4 000
|
11
|
Қайшы инелер
|
700
|
12
|
Басқа шығындар (щеткалар , тазалаушы құралдар)
|
600
|
|
Б А Р Л Ы Ғ Ы:
|
70 000
|
4-қадам. Шығындардың жалпы сомаларын есептеу.
1-қадам 2-қадам 3-қадам 4-қадам Тікелей Еңбекке ақы Жанама Шығындар-материал- төлеуге шығындар дың жалпы дық + жұмсалатын + 70 000 = соммасы шығындар тікелей теңге 348 400 235 400 тг шығындар теңге
43 000 тг
5-қадам Тауар бірлігіне жұмсалған жиынтық шығындарды есептеу. Ол үшін бір жейдеге шыққан шығындардың әр түрінің қандай бөлігі келетінін есептеу керек.
Шығындар түрлері
|
Барлық шығындар (теңге)
|
Өндірілген тауарлар саны (дана)
|
Өнімнің бірлігіне жұмсалған шығындар
|
1
|
2
|
3
|
4=2/3
|
1.Тікелей материалдық шығындар
|
235 400
|
220
|
1 070
|
2.Еңбек ақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар
|
43 000
|
220
|
195,45
|
3.Жанама шығындар
|
70 000
|
220
|
318,18
|
Б А Р Л Ы Ғ Ы :
|
348 400
|
220
|
1583,63
|
Өзіндік құнының калькуляциясы жасалды.
Енді әр топ кәсіпкерлер өз фирма тауарларыңды өндірудегі шығындардың жалпы сомасын, тауардың өзіндік құнының калькуляциясын құру керек, ендігі сөз, кәсіпкерлер сіздерде.
5-сессия. Рефлексия (өзін-өзі бағалау)
Аты-жөні
|
Білдім
|
Білемін
|
Не мені таңқалдырды
|
Нені үйренгім келеді?
|
Немен келіспей-мін
|
Баға
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |