Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты



бет1/25
Дата05.06.2017
өлшемі2,51 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Кіріспе

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Д.ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. әлеуметтік-экономикалық географиясы пәнімен танысқан тұлға
Сабақтың типі: Кіріспе сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс



Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту.

Қоғам мен табиғатты біртұтас жүйе ретінде қарастыратын бірден-бір ғылым саласы-қазіргі заманғы география. ҒТР дәуірінде география ғылымы да үлкен өзгерістерге ұшырады. Қоғам мен табиғат арасындағы ғаламдық үйлеспеушіліктен туындаған жаңа бағыт экономикалық және әлеуметтік географияның экологиялық тұрғыдан қалыптасуына алып келді. Сондықтан экономикалық және әлеуметтік география жер бедері мен жалпы табиғат кешендерінің заңдылықтары арқылы табиғат өзгерістерін зерттеуді шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуына байланысты жүргізеді. Бұл аталғандар қоғам мен адамдардың мұқтаждығына байланысты шаруашылықтың бағытын анықтауға, болжауға, сол сияқты материалдық және рухани қажеттілігін зерттеуге септігін тигізеді. Қазіргі дәуірде елдер арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыстардың ұлғаюына қарай география бойынша жүргізілетін зерттеулердің негізгі екі бағыты анықталады.

1. Табиғат байлықтарын сақтау, оны тиімді пайдалану және қайта түлету.

2. Жалпы табиғат заңдылықтары негізінде халық пен шаруашылық салаларын ұтымды орналастыруда география ғылымының жетістіктері алғышарт ретінде пайдаланылуы керек.

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Кіріспе.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Жер туралы қысқаша мәліметтер.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Жер ғаламшар ретінде, оның заңдылықтары, ерекшеліктері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Жер туралы танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Б.Ү.Ү. кестеі. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру.

4. Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Д.ж. әлуеметтік-экономикалық географиясы нені зерттейді?

2. Ғ.Т.Р. географияға қатысы?

3. Географияның өзгеріске ұшырауы?

4. Қазіргі дәуірдегі география?

5. Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы жердің пішіні және полюстері түсіндіріледі.



Географиялық полюстері

Ығысу жылдамдығы 10 см/ге тең

Магниттік полюстері

Шамамен 3 млрд жыл бұрын пайда болған

Жердің математикалық пішіні

Сферойд немесе элипсойд деп аталады

Нағыз геометриялық пішіні

Геоид

Экваторлық радиусының ұзындығы

6378,2 км

Полярлық радиустың ұзындығы

6356,8 км

Меридиан ұзындығы

40008,8 км

Экватор ұзындығы

40075,7 км

Жердің жалпы ауданы

510 млн км2


3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Жер ғаламшарының қозғалыстары түсіндіріледі.

Ең алыс үкте, 5 шілде, Ең жақын нүкте

152 млн км 3 қаңтар, 147 млн км

4. тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Жылу белдеулері түсіндіріледі.
Жылу белдеулері
1 ыстық белдеу бар

23,50с.е.- 23,50о.е. аралығы,

Жердің 40%-ға жуығын алып жатыр.
2 қоңыржай белдеу бар

23,50с.е.- 66,50с.е. аралығы,

23,50о.е.- 66,50о.е. аралығы,

Жердің 52%-ға жуығын алып жатыр.
2 суық белдеу бар

66,50с.е.- 900с.е. аралығы,

66,50о.е.- 900о.е. аралығы,

Жердің 8%-ға жуығын алып жатыр.

Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Жер туралы мәлімет.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Жердің құрылысы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Жердің ішкі құрылысы, тау жыныстарының түрлері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Жердің құрылысымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Жердің Күн жүйесіндегі орны?

2. Жердің пішіні?

3. Жер қозғалыстары?

4. Сағаттық белдеулер?

5. Жылу белдеулері?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Жердің ішкі құрылысы түсіндіріледі.

Жердің ішкі құрылысы


Жер қыртысы

Орташа қалыңдығы мұхиттарда 5-10 км, материктерде 35-40 км, биік тауларда 70 км-ге дейін жетеді.


Мантия

2900 км/ге дейінгі тереңдікте орналасқан,жоғарғы мантия тығыздығы-4,5 т/м3, температурасы-2200С. Төменгі мантия тығыздығы-5,7 т/м3, температурасы-36000С.



Ядро

2900-6370 км аралығында орналасқан.Екі бөліктен тұрады. Сыртқы ядро 2900-5000 км аралығында, тығыздығы-10-15 т/м3, температурасы-40000С. Сұйық металдардан темір, никель т.б. тұрады. Ішкі ядро тығыздығы-15-20 т/м3, температурасы-60000С. Қатты темірден тұрады.



3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы тау жыныстары мен минералдар түсіндіріледі.



Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Жердің ішкі құрылысы жөніндегі ғылыми деректер?

2. Мантияның құрылысы?

3. Ядроның құрылысы?

4. Магмалық жыныстар?

5. Шөгінді жыныстар?
V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Жердің құрылысы.


Сабақ№________
Пәні:_география_

Каталог: uploads -> doc -> 002d
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
002d -> Сабақ жоспары Топ Күн Қт-31 Пән: Еңбекжәне Ә ҚҚ құқық Тараудың тақырыбы: 6- тарау Жұмыс уақыты
002d -> Технология 7 сынып №1 сабақ 09. 2016 жыл
002d -> Сабақ Сабақ тақырыбы: «Іске қосу қозғалтқышы»
002d -> Арымыз да, намысымыз да ана тіліміз болуы керек аяганов Алтай


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу