Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі



бет42/42
Дата04.07.2018
өлшемі2,95 Mb.
#46518
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

Қой қолтұқымдары

Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді. Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Монғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.

Қазақстан жерінің жусанды жайылымды «қара отты» жерлері түйе мен қой өсіруге өте қолайлы. Еліміздің қой шаруашылығы саласында ерен еңбегімен құрметке бөленген, Еңбек Ері атағын екі рет алған Жазылбек Қуанышбаевты мақтан етеміз.

2. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау,

Үйге тапсырма: бекіту.: Қой шаруашылығы –мал шаруашылығының негізгі саласы

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Ірі қара шаруашылығы және оның салалары

Мақсаты:

Білімділік: Ірі қара шаруашылығына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Ірі қара шаруашылығымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.

Ірі қара өсіру
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады

Сиыр

Сиыр - сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі. Сиырдың еті, сүті және терісі басқа да өнімдері күнделікті тұрмысымызда қажетімізді өтеп келеді. «Сиыр - бір үйдің асыраушысы» деген сөз бекер айтылмаса керек.

Сиырдың пірі - Зеңгі баба. Мүшелдік жыл санауда сиыр — екінші жыл. Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың қолтұқымдары негізінен 2 бағытта өсіріледі.

Етті бағыттағы қолтұқымдар

Ірі қара

Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады . Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 килоға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген шароле, абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Қолтұқымның өнімділігі қазақтың ақбас сиырынан 15—20 пайыз көп.

Сүтті бағыттағы қолтұқымдар

Бұл бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.

Қырдың қызыл сиыры. Қолтұқым XVIII ғасырдың соңында Украинаның далалы аймағында (Запорожье өңірінде) шығарылған. Сиырлардан жылына орта есеппен 3 800-4 500 л сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3,6-3,8 пайыз. Жаздың құрғақ ауа райына бейімделген. Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде таралған.

2. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау,

Үйге тапсырма: бекіту.: Ірі қара шаруашылығы және оның салалары


7 сынып биология

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Қолға үйретілген жануарларға байланысты басқа да шаруашылық салалары

Мақсаты:

Білімділік: Қолға үйретілген жануарларға байланысты басқа да шаруашылық салаларына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Қолға үйретілген жануарларға байланысты басқа да шаруашылық салаларымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Ара шаруашылығы , ара өсіру – ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар – Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 – 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т.б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады.

Бұғы шаруашылығы – бұғы өсірумен айналысатын шаруашылықтың бір саласы. Бұғы (марал, теңбіл бұғы) мүйізінен дәрі жасалады, сондай-ақ еті, терісі пайдаланылады. Солтүстік Бұғы шаруашылығы (солтүстік бұғыларды өсіреді) және панталық Бұғы шаруашылығы (теңбіл бұғылар, марал, изюбрь өсіріледі) болып бөлінеді.Солтүстік Бұғы шаруашылығы Ресейде, Финляндияда, Швецияда, Норвегияда, Канадада, АҚШ-та (Аляска), ал панталық Бұғы шаруашылығы Ресейдің Алтай, Красноярск, Приморье өлкелерінде, Қытайда, Кореяда, Моңғолияда, Қазақстанда дамыған. Қазақстанда бұғылар 19 ғасырдың басынан қолда өсіріледі. Қатонқарағай ауданында 8 бұғы өсіретін шаруашылық ұйымдастырылған. Онда 11300 марал өсіріледі (1999). Мұндағы бұғылар жазда арнайы темір сыммен қоршалған кең алқаптарға жайылады, қыста қыстауларда бағылады. Жас төлге арналып жеке қора салынады. Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс - африкалық түйеқұс. Оның еті, жүмыртқасы тағам ретінде пайдаланылады. Түйеқұс өсіретін фермалар АҚШ-та, Қытайда, өзге де елдерде бар. Тіпті Қазақстанда (Қостанай өңіріндегі «Қарабатыр» шаруа қожалығында, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында және т.б. өңірлерде де) африкалық түйеқұс өсірілуде.

Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен, жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа алынады. Қазіргі кезде түйеқұс өсіруге ерекше назар аударылуда. Бөдене өсірумен шүғылданатын да шаруашылықтар бар.

2. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау,

Үйге тапсырма: бекіту.: Қолға үйретілген жануарларға байланысты басқа да шаруашылық салалары

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет