І.Үргенішбев атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
«Сұр қоян»
/Тіл дамыту/
Өткізген: Шағын орталық
«Ә» тобының тәрбиешісі: Н.К.Болыскей
2015 жыл
Білім беру саласы:’’Қатынас’’
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: Т.Бердияровтың «Сұр қоян» өлеңі
Мақсаты: Шағын өлеңді жатқа айтуға үйрету.Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап,кейіпкерлердің бейнесін,мінез құлқын дұрыс жеткізуге тәрбиелеу. Қол мен саусақты жаттықтыруға ойындар мен ойыншықтарды пайдалануға іскерліктерін қалыптастыру.
Қажетті құрал –жабдықтар, көрнекіліктер: «Күн шуағы» (макеті), қапшықтағы әртүрлі заттық суреттер.
Билингвалды компонент: Қоян-заяц, түлкі- лиса,мысық-кошка.
Шаттық шеңбері
Біз кішкентай баламыз
Өсіп –өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады?
-Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
-Қардың түсі қандай?
Балалардың жауаптарын тыңдап толықтырады.
Қане балалар ұйымдастыру іс –әрекетін бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тапсаңдар бүгінгі тақырыбымыздың кейіпкері болады.
Жұмбақ
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
2.Сыбдыр шықса қашады ,
Белден бір-ақ асады. (Қоян)
Балалар қояндар үй қояны және дала қояны болып екі топқа бөлінеді. Үй қоянын үйде асыраймыз, ал дала қояны далалықта, орманды жерлерде тіршілік етеді. Ендеше балалар орман жануарларының бір қатарын бейне баяннан тамашалап жіберейік.
Слайд көреміз
Жаңа сабақ: Т.Бердияровтың «Сұр қоян» өлеңі
Автордың өмірбаянын баяндау.
Тоқаш Бердияров (шын есімі Торқысбек) (1925-1988), ақын. Алматы көркемсурет училищесінде оқыған. "Бес құбыр" ауылдық кеңесінде хатшы болып жұмыс істеген. Он жеті жасында соғысқа аттанып, 4-Украин майданында шайқасына қатысқан. Соғыстан кейін түрлі әскери бөлімшелерде кызметте болған. 1958 - 1962 жылдары "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде қызмет еткен.
Балалар сендерге және сендер сияқты балаларға арнап көптеген жазған өлеңдері бар. Соның бірі бүгін танысатын өлеңіміз «Сұр қоян » өлеңі.
Өлең тыңдаймыз
Т.Бердияров жазған «Сұр қоян» өлеңін оқып береді.
Сұр қоян
Ұзын құлақ,сұр қоян,
Естіп қалды сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Ендеше балалар тақтаға назар аударайық.
Слайд көреміз
Қоян туралы мәлімет береді.
Қояндардың 50- ге жуық түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см
Қоянның терісі жұқа, жүні жұмсақ мамықтай болады. Көзіне қарайықшы, қандай пішінге ұқсайды?
- Дөңгелекке, сопақшаға ұқсайды.
- Ал, енді құлағына қарайықшы, қоянның құлағы тік ұзынша болып келеді екен. Ол қорыққан кезде құлақтарын төмен қарай салбыратып, бүрісіп отыра қалады. Балалар, байқадыңдар ма, қоянның тұмсығының астында жіп сияқты мұртшалары бар екен, бұл мұртшалар иісті ажыратып сезеді. Қоянның 4 аяғы болады. Алдыңғы 2 аяғы қысқалау, ал артқы 2 аяғы сәл ұзындау. Қоян қорқақ, өте үркек жануар. Сондықтан да, көбіне ертегілерде қоянды «қорқақ», «ұзынқұлақ», «қыликөз» деп атайды.
Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді
Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар.
Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады .
Тосын сый
Балалар бізге үй қояны қонаққа келді.Қане қоянды тамашалайық.
Қояндардың қарны ашып қалмас үшін не істеуіміз керек?
- Жем береміз, су береміз.
- Қоян қандай көкөністі жақсы көретінін білесіңдер ме?
- Қоян сәбізді жақсы көреді.
- Дұрыс айтасыңдар, сонымен бірге түрлі шөптермен, ағаштың қабығымен, бұтағымен қоректенеді және ол жоңышқа жегенді жақсы көреді
« Не нені жақсы көреді? » дидактикалық ойыны
Сергіту сәті
Ал енді балалар осы өлеңге сергіту сәтін жасайық.
-Балалар сендер қоян туралы тақпақтар білесіңдер ме?
-Ал қоян туралы қандай мультфильмдерді білесіңдер?
Қоян мен қасқыр мультфильмінен үзінді көрсету.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ян-ян-ян,
Қорқақ қоян.
Бәріміз бірге қайталаймыз.
«Анасын тап » ойыны
Сұрақтар қойып,тақырыпты қорытады:
-Бүгін бізге топқа қандай жануар келді?
-Қандай жануар туралы өлең жаттадық?
-Қоян қандай?
Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс әрекетін аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Шығарманың мазмұнын тыңдап,түсініп,есте сақтап,айтуды .
Нені игереді: Шығарманы жаттау барысында дауыс ырғағын қадағалап,кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс беруді.
Нені біледі: Шығармадағы сөздерді анық айтуды және сөйлеу қарқынын өзгертуді
Қоянның іні
Достарыңызбен бөлісу: |