№2 сабақ
Студенттердің өз бетімен сабақтан тыс дайындалуға арналған әдістемелік нұсқамасы
Сіздің қимыл - әрекетіңіздің реті:
1.Сабақтың мақсаты мен тәжірибелік дағдылар тізбегімен танысыңыз.
2.Дәріс мәліметтерін, оқулық, әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып тақырыппен танысыңыз.
3. Жаттығуларды орындаңыз.
4. Тест сұрақтарын шешіңіз, крассворд құрастырыңыз, есептер шығарыңыз, кестелерді көшіріп жазып алыңыз.
5. Берілген жауаптар көмегімен өз жауабыңызды салыстырыңыз.
6. Әдістемелік нұсқаумен танысыңыз.
Білімгер істей білуі тиіс:
-Төсекті дайындау, ақ жайманы көлденең және ұзынынан ауыстыру әдістері, төсек орынды ауыстыру, халі ауыр науқастың ішкі киімін ауыстыру.
- Науқастың терісіне қойылатын гигиеналық талаптарды орындау
- Ватерлоо және Нортон шкаласы бойынша ойылудың даму қауіпін сандық бағалау.
- Ватерлоо бойынша ойылдудың даму қауіпі кезінде қолданылатын алдын алу шараларын жүргізу және қосымша заттарын қолдану.
-Ойылуды болдырмау үшін кеңестер беру.
-Жатқан науқаста ойылу пайда болу қауіпі болған кездегі күтім жоспарын құрастыру.
-Ойылуды емдеу, ойылудың алдын - алу бойынша науқастар мен оның туысқандарына ереже- нұсқау құрастыру.
-Бұлшық еттік релаксация және арқаға стимуляциялық уқалауды қолдану.
- Ауыз қуысын, тісін, тіс протездерін күту, тісті тазарту.
- Ес-түссіз жағдайдағы науқастың ауыз қуысын күту.
-Науқасты қырындыру.
- Көзді, мұрынды, құлақты күту.
-Халі ауыр науқастың басын жуу, шашын тарау.
-Төсектегі халі ауыр науқастың аяғын жуу, қолдағы және аяқтағы тырнақты алу.
-Судноны, зәр қабылдағышты беру.
- Әйел мен ер адамның жыныс мүшелерін жуу.
-Науқасқа өздігімен судноны және зәр қабылдағышты қолдануына көмектесу.
-Зәрі және нәжісі тоқтамаған науқастарды күту.
Тақырып бойынша ақпаратпен танысыңыз:
Тақырыбы: «Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптері».
Науқастың жеке басы тазалығын сақтау, палата мен төсек орнын таза ұстау емнің нәтижелілігі үшін қажет. Аурудың ағымы мен нәтижесі үшін науқас жатқан ортаның маңызы зор. Бұл ең алдымен палата тазалығы , таза төсек - орын, жеке басы тазалығы ережелерін сақтау, науқасты уақытымен тамақтандыру.
Пациенттін стационарда орналасқандағы орны төсек болып есептеледі. Пациенттін ауру түріне байланысты төсектегі жағдайы әр түрлі болып келеді: белсенді, енжар және амалсыз деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |