«Мен үшін ....» әдісі арқылы тақырып бойынша нақты ақпаратты жазуларын қадағаладым.
Мен не туралы оқыдым?
Мен үшін не оңай болды?
Мен үшін не қиын болды?
Қазір не білгім келеді?
Кері байланыстың тиімділігі оқушылар сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі. Келесі тапсырмада не білгілері келетінін айтты. Келесі тапсырма қажеттілігіне қарай бағытталды.
«Миыңның суретін сал» әдісі арқылы оқушыларға мидың суреті салынған қағазды беріп, оған сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырды. Аталған кері байланыстың тиімділігі: қаншалықты ақпаратты меңгергенін байқалады.
Сабаққа рефлексия «Сатылым» әдісі арқылы жасадым. Бұл әдістің мақсаты: оқушыларға өздері бүгінгі сабақтан алған білімдерін, көңіл-күйлерін, танымдарын, сабаққа қатысуларын бағалауға мүмкіндік беріп, келесі сабақта алғылары келетін «білімнің» тізімін жазды.