Сабақ тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі39,49 Kb.
#27882
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласы

372 бастауыш мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі: Мамешова Нағима Болысмұратқызы
Сабақ тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Үү дыбысымен таныстыру, жіңішке дауысты дыбыс екенін таныту, сөзге дыбыстық талдау жасатуға, дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру, оқу жылдамдығын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік мәні: Құстардың адамға пайдасын білу, оларды күтіп баптауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, әріптер, Үү дыбысына арналған тірек сызба, буындар.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1-аялдама: «Сынақ»

Өткен әріптерді еске түсіру, сөздерді тізбектеп оқыту, өлеңді жатқа сұрау. Өткен сабақты тиянақтау.

Ұшқыш, ұзақ, бұлақ, ұстаз, ұран, ұлан, бұршақ, бұлбұл.
ІІІ. Жаңа сабақ.

2-аялдама: «Дауысты дыбыстар баспалдағы».

- Ал кәне, балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын бір жұмбақ жасырайын, егерде сендер сол жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар бұгінгі өтетін дыбыс шығады.


Жұмбақ

Үйрен десе бірінші

Бүйрек десе екінші

Бұл қандай әріп екенін

Біреу айтып берсінші?

- Үү әрпі.

- Дұрыс балалар, Үү дыбысы екен. Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс).

- Мынау не?

- Үкі.

- Үкі түн құсы. Үкі сөзін буынға бөліңдер.



- Ү – кі.

- Ү – зең – гі (үш буын бар).

- Осы сөздерде ең бірінші, басында қандай дыбыс естіледі?

- Ү-ү-ү (хормен айтқызу)

- Үү қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

- Үү дауысты дыбыс, созылып айтылады.

- Қандай түспен белгілейміз?

- Қызыл түспен белгілейміз де, жазылу элементтерімен таныстыру.

Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.

Үү – жіңішке

Ұұ – жуан дауысты дыбыс.

- Үү дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл арқылы жылжиды, иек көтеріледі.

Кеспе әріппен Үү әрпінің баспа және жазба түрін көрсету.

Оқушылармен бірге жазба түрін ауада жазу.



3-аялдама: «Сырласу»
ІҮ. Кітаппен жұмыс.

Үү дыбысына байланысты суреттер көрсету, сурет бойынша сөйлеу.

Үкі, түлкі сөздерін буынға бөлдіру (Ү – кі, түл – кі). Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстарды ажырату.

Сөздерді тірек-сызба бойынша оқыту.



Ү Ү
н ш р с з к й
Үү дыбысы сөздің басында да, ортасында да келеді.

Мысал: үй, үш, үтік, күн, түн, түс.

Ү дыбысы бар сөздер ойлап айту.

4-аялдама: «Сөз ойла, тез ойла».

Оқушыларды екі топқа бөліп, «Күз» тақырыбына сурет бойынша мәтін құрату. (Дүниетану пәнімен байланыс).



1-топ 2-топ

Күз келді. Күн суытты Қазір күз мезгілі. Жапырақтар сарғайды



5-аялдама: «Сергіту сәті».

Құндыз – жануар тымақ – бас киім

Құрақ – көрпеше ішік – тон
Дәптермен жұмыс.

Балалар Үү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады (әдемі, таза, сауатты жазуларын қарау).

Тірек сызба бойынша екі топ сөз ойлаулары керек.

Үйрек Түлкі

құс ақ қу айлакер

әдемі қызыл
Сөздерді екі топқа оқыту, буынға бөлдіру.

Жү-ге-рі, ү-тік, гүл

Түл-кі, кү-рек, күз.

Түлкі сөзіне сөйлем құрату, дыбыстық талдау жасау.

Ойын: «Қай әріпті жоғалттым?»

Қ...с, г...л, к...рке, ұ...зақ, ұ...зын, к...лкі, с...лгі, ...йшік, қ...р.


Ү. Сабақты қорытындылау.

Жұмбақ шешу.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Ол не? /Күн/



ҮІ. Мадақтау.

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет