ҚАЗАҚ ТІЛІ 2 «А» СЫНЫП
Жаттығу жұмысы 302-306 жаттығу
Жұрнақ пен жалғау
Серікбаева Ж.Ы.
№ 21 мектеп 28.01.2016 жыл
Сабақ тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау. Жаттығу жұмысы 302-306
Сабақ мақсаты: Жұрнақ пен жалғауды пысықтау. Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана
беретінін түсіндіру. Орындаған жұмыс барысында сөздің түбірі мен жұрнақ,
жалғауды толығымен ажырата білуіне, сөз құрамына талдауға дағдыландыру.
Таным мүмкіндіктерін кеңейте отырып, оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге,
ізденуге үйрету.
Сабақ әдісі: түсіндіру, көрсету, талдау.
Сабақ көрнекілігі: Интертақта, слайдтар, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Мұғалім: Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің асыл мұраты. Ендеше, біздің қонақтар қатысқан ашық
сабағымыз «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» болмақ. Үй тапсырмасын тексерейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
300-жаттығу. Суреттегі зат атауларына -шы жұрнағын қосып оқы. Сол сөздерді сөз құрамына талда.
шалғы + шы, қой + шы
1-слайд.«Сен маған, мен саған»
?
Оқушылар сұрақ қояды:
Түбір деген не?
Қосымша деген не?
Жұрнақ деген не?
Жалғау деген не?
Жұрнақ, жалғау қалай жалғанады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ой шақыру»
Оқушылар, шекара деген не?
Шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы, судағы аумағының шегін көрсететін меже.
2-слайд. Қазақстан картасы. Шекара сызығы. Мынау ұшса құстың қанаты талған, жүгірсе аңның тұяғы тозған кең байтақ дала – Қазақстан аумағы. Оның шекарасы. Ол 5 елмен шектеседі.
Шекараны кім күзетеді?
Шекарашы.
Мына өлеңді оқиық.
3-слайд.
Шекарашы
Жерім – байтақ, дала – кең,
Елге ұнаған жақсы ісі.
Шекарашы болам мен –
Болашақтың сақшысы.
Шекарашы, сақшысы
(Шекарашы, айтылуы, жазылуы)
4-слайд. Қазақстан картасы. Астана ЭКСПО – 2017
Оқушылар, біздің елімізде – Астанада ЭКСПО – 2017 жылы үлкен көрме өтеді. «Жасыл ел – жасыл экономика» деп аталатын көрмеге қатысуға әлем елдері қызығушылық танытып, қазірдің өзінде әлемнің 82 елінен өтініш түскен. Көрмені тамашалау үшін біз де ұйымдастырушыларға өтініш берейік. Ол үшін оқулықтағы 303-жаттығуды орындауымыз керек.
5-слайд.
ІV.Оқулықпен жұмыс. Жатқа жазу. Көркем жазу. Талдау.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария
Жазып отқан хатпен тең.
6-слайд. Ауыздықты ат.
Ауыздық – ат жүгеніндегі оның аузына салып қоятын темір, аттың басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге арналған шығыршық темір, жүгеннің ең басты бөлігі.
Сіздердің тапсырманы жақсы орындағандарыңызға қарап, өтініш қабылданды деп есептейміз.
7-слайд. Астанаға жету үшін бізге ұшақ керек. Ұшақ дайын болу үшін мына жаттығуды орындайық.
304-жаттығу. Жалғау жалғап,сөйлем құрау.
1-қатар: Баян, сабақ, әзірлен.
2-қатар: Мұғалім, сынып, кір.
3-қатар: Аула, қар, күре.
Әр қатар өз тапсырмасын тақтаға және дәптерге орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |