Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет69/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Діріл дегеніміз – бұл заттың (0,50,003 мм) амплитудасы мен (1,6-1000 Гц) төмен жиіліктегі механикалық тербелістері. Шу мен дірілді өндірісте түрлі механизмдер мен машиналар электродвигатель, желдеткіштер (насостар, компрессорлар) құрайды.Шу сонымен қатар электромагниттік құрылғылармен жұмыс істеу кезінде, сұйықтықтар мен су қозғалыстарының кезінде болады.20-20000 Гц жиіліктегі механикалық тербеліс дыбыс ретінде қабылданады. 20 Гц-тен төмен 20000 Гц жоғары жиілікте болған кезде олар адам ағзасына биологиялық жағымсыз әсер етеді. Адамның құлағы 16 Гц – 20 кГц диапазондық жиілікте естілетін дыбысты қабылдай алады. 16 Гц жиіліктен төмен тербелісті инфродыбыстар деп, ал 20 кГц-тен жоғары ультрадыбыстар деп атайды.

Шу – адамның естуіне жағымсыз әсер ететін және демалуына, жұмыс істеуіне кедергі жасайтын дыбыстар жиынтығы. Дыбыс жиілікпен (қарқындылық) және дыбыстық қысыммен (Р) сипатталады.

Дыбыстық толқынның таралуы кеңістікте тербелісті энергиямен бірге жүреді. Оның 1 м2 ауданынан өтетін, перпендикуляр бағытта таралатын дыбыстық толқында орналасқан саны дыбыс күшіне І, Вт/м2 немесе қарқындылыққа қызмет етеді.

мұнда Е – дыбыс энергиясының ағыны, Вт; S – аудан, м2

Адамның есту мүшесі қарқындылыққа емес, ал дыбыс толқыны беретін қысымға Р, Па, сезімтал болады және ол мына формуламен анықталады

мұнда Ғ – дыбыстық толқынның жазықтыққа әсер ететін күші, Н;

S – дыбыс толқынына түсетін жазықтықтың ауданы, м2.

Тәжірибеде қолданатын қарқындылықтың өлшемі және дыбыстың қысымы кең аралықта өзгереді. 1000 Гц жиілікте есту қабілетіне 1012 Вт/м2 қарқындылықты дыбыс және 2*105 Па дыбыстық қысым сәйкес келеді. 1012 Вт/м2 қарқындылықты дыбыс және 2*102 Па дыбыстық қысым кезінде құлақта ауыртпалы сезім туады. Бұл деңгейлер ауырып сезулідің босағасы деп аталады және сәйкесінше 1014 және 107 рет есту босағасын жоғарылытады. Сондықтан шуылды бағалау үшін қарқындылықтың абсолюттік мәні мен қысымы емес, естудің бастапқы кезіңіне сәйкес келетін дәлел арқылы құрылған қарқындылық пен қысым шамаларының қатынасын сипаттайтын алгоритмдік бірліктегі деңгейін өлшеу ыңғайлы. Лагорифмдік бірлікте қарқындылық және дыбыс қысымының 10 есеге өсуі (Б) деп аталатын 1 бірлікке сәйкес келеді.



мұндағы І0 және Р0 – дыбыстық қысым мен қарқындылықтың берілген мәндері.

Дыбыс ретінде қабылдайтын энергияның бүкіл диапазоны 13 – 14 Б шарттарында қабылданады. Ыңғайлы болуы үшін 10 есе кіші децибел (дБ), пайдаланылады, ол құлақпен ажырататын дыбыс күшінің минималды өсуіне сәйкес келеді.

Қазіргі кезде шудың қарқындылығын дыбыстық қысым деңгейінде сипаттайды. Ол келесі формуламен анықталады



мұндағы Р – дыбыстық қысымның орташа квадраттық мәні, Па;

Р0 – дыбыстық қысымның берілген мәні (ауада Р0 = 2*105 Па).

Дыбыстың үшінші қажетті сипаттамасы болып оның биіктігін анықтайтын, 1 с (Гц) өтетін толық тербеліспен өлшенетін тербеліс жиілігі анықтайды, Тербелістің естілетін диапазоны октавты тіліктерге үлестірілген. Олардағы жоғарғы шекарасы екі есе төменгі жиілікке тең. Әрбір октав тіліктері орташа геометриялық жиілікпен сипатталады, ол келесі формуламен анықталады



мұндағы ƒ1 – төменгі шекаралы жиілік, Гц;

ƒ2 – жоғарғы шекаралы жиілік, Гц.

Адамға әсер ететін шудың классификациясы

Спектр сипаты бойынша: үздіксіз спектрлі кеңістікті шу; спектрда лебізді рең беретін тональды шу.

Уақыттық сипаттамасы бойынша-тұрақсыз шу.

Тұрақсыз шулар уақыт аралығындағы тербеліс және импульсті тербеліс болып бөлінеді.



Ультрадыбыстың гигиеналық классификациясы

Таралу тәсілі бойынша түйіспелі және ауалық болып бөлінеді.

Ультрадыбыс тербеліс көзінің түрі бойынша қолдық және стационарлы болып сипатталады.

Ультрадыбыстық тербелістің спектрлік сипаты бойынша: төменгі жйілікті ультрадыбыс – 16 – 63 кГц; орташа жиілікті ультрадыбыс – 125 – 250 кГц; жоғарғы жиілікті ультрадыбыс – 1,0 – 31,5 МГц.

Ультрадыбыстықтербелістің өндіру тәртібі бойынша: тұрақты және импульсті ультрадыбыс.

Ультрадыбыстық тербелістің сәулелену тәсілі бойынша магнитстрикционды генераторы бар ультрадыбыстың көздері және пьезоэлектрлі генераторы бар ультрадыбыстың көздері.

Шуды нормалауда 12.1.003 – 83 – ГОСТ бойынша қауіпсіздену талаптары орындалады. Тұрақты шу үшін орташагеометриялық жиіліктегі дыбыстық қысымның деңгейі нормаланады.

Акустикалық есептеу үш деңгейде жүреді:

а) есептеу және құрал көмегі әдісі бойынша барлық сегіз орташа геометриялық жиіліктігі жұмыс орындағы шу қарқындылығын анықтау;

б) жұмыс орындағы нормативті мәндері бар шудың есептелген және өлшенген деңгейін салыстыру;

в) егер орташагеометриялық жиіліктің біреуінде шудың деңгейін жоғарылыса, онда қорғану әдістерін қолдану керек.

Қорғаныс әдістері: а) шу көзіндегі шуды азайту. Мысалы: механикалық шу үшін – майлау, аэродинамикалық шу үшін – өшіру жүйесі, Электромагниттік түрдегі шу үшін – пакеттің толық прессовкасы; б) арақашықтықпен қорғану, процесті алыстан басқару; в) құрылғылар мен цехтарды дұрыс орналастыру; г) дыбысты өзіне сіңдіретін және оқшаулайтын материалдарды қолдану.

Қатты денелер арқылы 2 – 63 Гц жиілікте берілетін тербеліс – дірілдік тербеліс деп аталады. Діріл шығу көздеріне қарай олар а) технологиялық, б) көліктік, в) көлікті – технологиялық болып бөлінеді. Организмге әсер ету бойынша ішкі және жалпы болып бөлінеді. Діріл XYZ өсімен ауытқу бағыты, ауытқу амплитудасы А (м), діріл жылдамдығы v=2π/А (м/с) және діріл үдеуі бойынша W=4πf2A (м/с2) сипатталады. Діріл жылдамдығының деңгейі: Lv=20lg v/v0, дБ, мұндағы v0 – тіректі діріл жылдамдығы (10-8м/с), v=1м/с – ауыратын кезеңіне болады. Діріл ауруы – кәсіби ауру.

Дірілдеткішті нормалау ССБТ12,012-90 ГОСТ бойынша қалыптасады (санитарлық және техникалық нормалау).

Санитарлы нормаларда- орташа геометриялық жиіліктегі діріл түріне байланысты діріл жылдамдығының деңгейі келтіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет