Өкпенің ұшы, apex pulmonis, алдынан қарағанда бұғана сүйегінен 2см, бірінші қабырғадан 2-3см жоғары орналасса, артқы жағы VII- мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.
Өкпе сегменті туралы түсінік - Өкпе сегменті (өкпелік сегмент, бронх-өкпелік сегмент) — сәйкес өкпе салатамырымен қанданып, тұрақты сегменттік бронхпен желдетілетін және үлес құрамына енетін өкпе аймағы (Kramer и Glass, 1932 г.). Бронх пен артерия сегменттің орталығын алып жатады. Сәйкес сегменттерден қанды әкететін көктамырлар сегмент аралық дәнекер тінді перделерде орналасады. Сегмент пішіні - ұшы өкпе түбіріне қарайтын, ал негізі ағзалық (висцерал) өкпеқаппен жабылған қиық конусты еске салады. Клиникалық тұрғыда өкпенің сегменттерге бөлінуі - өкпе тініндегі ошақты өзгерістердің нақты орналасуын анықтауда маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |