Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
№121 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Әйекенов Нұрлан
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы:1)Допты алып жүру түрлері.
2)Баскетбол әдісімен қимыл ойынын эстафета түрінде өткізу.
Мақсаты.1)Білімділік:
А) Допты оң,сол қолмен алып жүруді үйрету.
Б) Баскетбол әдісімен қимыл ойынын эстафета түрінде ойнату.
2)Сауықтыру: баскетбол жаттығуларының көмегімен оқушылардың денсаулықтарын нығайту.
3)Тәрбиелілік: оқушылардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Өтетін орны: Спортзал
Қолданатын көрнекілік құрал-жабдықтар: Секундомер,ысқырық,доптар,баған.
Сабақ барысы
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
Кіріспе-дайындық бөлімі (10-12 минут)
|
Сапқа тұрғызу. Баяндама қабылдау. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
|
Оқушылардың спорт киіміне,көңіл-күйіне назар аудару.
|
Саптағы жаттығулар: Оңға,солға,кері бұрылу. Кері айналу.
|
Денені тік ұста.
|
Саппен жүру: А)Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру. Б) Қолды белге қойып,өкшемен жүру. В)Қолды белге қойып,жартылай тізені бүгіп жүру. Г)Қолды желкеге қойып,толық тізені бүгіп жүру.
|
Қолды созып жүр.
Денені тік ұста.
Қолды желкеге қой.
|
Жүгіру жаттығулары: А)Жай жүгіру. Б)Сол жақ қапталмен жүгіру. В)Оң жақ қапталмен жүгіру. Г)Арқамен жүгіру. Д)Қатты жүгіру. Е)Жай жүру, тоқтау.
|
Қолды артқа айналып жүгіру. Қолды алға айналып жүгіру. Сол жақ иықпен қарап жүгір. Арақашықтық сақтау.
|
Бастапқы қалып – қолымыз белімізде. 1-2 басты оңға қарай айналдырамыз. 3-4 солға айналдырамыз. Бастапқы қалып –қолымыз иықта. 1-2 қолды алға айналдырамыз. 3-4 артқа айналдырамыз. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс. 1-2 оң қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз. 3-4 сол қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз. Бастапқы қалып –негізгі тұрыс. 1-2 қолды көтеріп артқа шалқаямыз. 2- алдыға еңкейеміз. 3-қолды созып тұрамыз. 4 –тұрамыз. Бастапқы қалып –екі қолды белге қоямыз. 5 рет оң аяқпен,5 рет сол аяқпен секіреміз.
|
Иықты көтермейміз.
Денені тік ұста.
Қолды бүкпей тік ұста.
Еңкейген кезде тізені бүкпейміз.
Мүмкіндігінше биікке секіру.
|
Негізгі бөлім (28-30 минут)
|
1.Допты алып жүру түрлері. Оқушыларды 2 қатарға бөліп,әр қатарға бір-бір доптан беріп,допты оң,сол қолмен алып жүруді үйрету.
2.Баскетбол әдісімен қимыл ойынын эстафета түрінде ойнату. Оқушылар екі командаға бөлінеді,бір доптан алады. Ысқырған кезде допты оң қолмен еденге ұрып,қарама-қарсы тұрған бағанды айналып келіп,келесі ойыншыға допты береді. Өздері ең соңғы колонкадағы ойыншының артына барып тұрады. Жеңіске тез эстафетаны бітірген жетеді. Ережесі: 1.Допты сызықты баспай алып жүру. 2.Допты қолға ұстап алып жүруге болмайды.
|
Түзу жүру.
Доптан айырып қалмау.
Бір қолмен допты алып жүру.
Допты оң болмаса сол қолмен алып жүру
Ойыншылардың тәртібін бақылау.
|
Қорытынды бөлім (3-5 минут)
|
|
1.Жаймен жүру. Демалыс жаттығулары. 2.Сапқа тұру. 3.Оқушыларды бағалау. 4.Үйге тапсырма беру. Спорт залдан дұрыс шығуын қадағалау.
|
Оқушылардың қатесін толық айтып түсіндіру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |