№47 жалпы білім беретін орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Аюпова Айслу Рамазановна.
Сынып: 7
Сабақ тақырыбы: §15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру
Сабақ міндеті:
1.Білімдік: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс, карточкамен жұмыс;
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, карточкалар, интерактивті тақта;
Кездесетін терминдер:
Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім: алдыңғы сабақта не өтілгенін сұрайды.
1.Балалар. Ең әуелі Еуразия материгі туралы қысқаша айтып кетеді.
Мұғалім: «Дүние жүзілік мұхит деген не?» Сұрайды.
Балалар жауап береді.
Видео - фильм көрсетіледі.
Видео – фильм көрсетіліп жатқанда осы өлең жолдары оқылады.
«Еуразия» өлеңі
1. Қашаннан бесік болған адамзатқа,
Бұл материк аталған Еуразия.
Таңғажайып табиғаты таңдандырған,
Екі бөліктен тұрады:
Еуропа мен Азия.
2. Материк жағалауын шайып жатыр,
Төрт мұхит және оның теңіздері.
Әсер етіп жылы, суық ағыстары,
Құрлықтың климаты түрленеді.
3. Байлығы, берері көп мұхиттардың,
Қойнауы мұнай менен газға толған.
Осы алып материктің тұрғындары,
Балығын қорек етіп, кәсіп қылған.
Бұл материк Еуразия.
Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: «Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын шайып жатыр?»
2.Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттарды көрсетеді:
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхиты
Мұғалім: Теңіз дегеніміз не? Сұрайды.
3.Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхитының
теңіздерін көрсетеді.
Презентацияда мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері туралы айтылады.
Тақырыпқа түсінгендігі - түсінбегендігін сұрайды:
-Балалар, жаңа сабаққа түсіндік пе?
Олай болса, қазір біз Еуразия материгінің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге саяхат жасаймыз.
ІІІ. Бекіту.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1-топ. «Атлант мұхиты»
2-топ .«Үңді мұхиты»
3-топ. «Солтүстік Мұзды мұхиты»
4-топ. «Тынық мұхиты»
1-тапсырма. «Ең, ең, ең ...» ойыны. (Әр сұрақ 1 ұпаймен есептелінеді)
2 - тапсырма. «Сандар сөйлейді» ойыны. (Әр сан 1 ұпаймен есептелінеді)
4-топқа сандар жүйесі беріледі. Сол сандардың нені білдіретінін табу керек.
361 млн 91,7 млн 11022 8742 178,6 млн 5527 76,2 млн 7729 14,8 млн
Жауабы:
361 млн км2 - Дүние жүзілік мұхит ауданы
91,7 млн км2 – Атлант мұхиты ауданы
11022 - Тынық мұхитының ең терең бөлігі
8742 - Атлант мұхитының ең терең бөлігі
178,6 млн км2 – Тынық мұхиты ауданы
5527 - Солтүстік Мұзды мұхитының ең терең бөлігі
76,2 млн км2 – Үнді мұхиты ауданы
7729 - Үнді мұхитының ең терең бөлігі
14,8 млн км2 – Солтүстік Мұзды мұхиты ауданы
3-тапсырма. « Мені анықта» ойыны. (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді)
Кескін картада сандармен көрсетілген теңіздер беріледі. Сол теңіздердің атауын анықтаңдар.
Жауаптар:
1. Солтүстік теңіз
2. Жапон теңізі
3. Қызыл теңіз
4. Араб теңізі
5. Қара теңіз
4-тапсырма. «Түрлі-түсті теңіздер» ойыны. (Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелінеді)
Теңіз атаулары әртүрлі түсті білдіреді. Мәтінде жасырынған қай теңіз туралы айтылып тұрғанын табыңдар.
1-топ. Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхитының ең кішкентай теңізі. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Ақ теңіз)
2-топ. Бұл теңіз Еуразия және Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Қызыл теңіз)
3-топ. Бұл теңіз мұхиттан оқшауланып, Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан. Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру-демалыс орындары, табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықша көзге түседі. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Қара теңіз)
4-топ. Бұл теңізге Азиядағы қытай тілінен аударғанда «сары өзен» деп аталатын Хуанхэ өзені құяды. Сазды шөгінді жынысты жазықпен ағатындықтан суы лайлы болады. Өзен осы теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Сары теңіз)
5-тапсырма. «Теңізде жүзу саяхаты» ойыны. (Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді)
Балалар шығармашылық жұмыспен айналысады. Топ ақылдасып, бір тоқтамға келеді. Топбасшы топтық жұмысты қорғайды.
1-топ. Норвегия мемлекетінің азаматтарысыңдар. Норвегия астанасынан шығып, Жапонияға теңіз жолы арқылы келу керек. Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?
2-топ. Қытай елінің астанасына саяхатқа келдіңдер. Саяхатты әрі қарай Шри-Ланка аралына дейін теңіз жолы арқылы жалғастыру керек. Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?
3-топ. Сауд Арабиясы елінен шыққан мұнай тиелген танкер-кеме Францияға қарай сапар шекті. Сендер ол кемеге қандай көмек берген болар едіңдер? Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?
4-топ. Сауд Арабиясы елінен шыққан мұнай тиелген танкер-кеме Бразилияға қарай сапар шекті. Сендер ол кемеге қандай көмек берген болар едіңдер? Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?
6-тапсырма. «Сәйкестігін табыңдар» ойыны. (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді)
Алдарына тапсырма таратылады. Болған соң, интерактивті тақтадан тапсырма жауаптарын балалар өздері тауып, сәйкестендіреді.
А)Парсы шығанағы
В)мұнай
С)Солтүстік мұзды мұхиты
Д)Тайфундар
Е)Үнді мұхиты
Ғ)Жерорта теңізі
7-тапсырма.
Кескін картамен жұмыс.
Кескін картаға мұхиттар мен олардың Еуразия материгі жағалауындағы теңіздерін түсіріңдер.
Сергіту сәті
Балалар, денемізді бос ұстап, ыңғайланып отырамыз да, көзімізді жұмамыз. Дәл қәзір өзімізді Көкшетау қаласынан сонау алыста еуразияның оңтүстік-шығысында орналасқан, субэкваторлық белдеудегі климаты ыстық және ылғалды болып келетін Малайзия еліне бір сәт саяхат жасайық! Көз алдымызға елестетеміз! Біз теңіз жағалауында жүрміз. Теңіз жағалауы, алтын нұрын шашып тұрған күн, көкпеңбек ашық аспан, теңізден соққан салқын самал жел, мақтадай ақпақ жағалаудағы құмдар, теңіз дің жағаға соққан асау толқындар ы мен сылдырлаған күмістей судың даусы естіледі.
Біз саяхаттап жүрміз!
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: §15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. (оқу, мазмұндау)
Достарыңызбен бөлісу: |