Өзге топтар да жұмыстарын аяқтап, постерлерін қорғады. Топ басшыларына таратылып берілген бағалау қағазына топ лидері бағалап отырды. Постердің тақырыбы, мәтіні жалпы көңілімнен шықты және түсінікті болды. Оқушылардың кейбіреулері өзге сабаққа постерді әрлеуге тырысып жатса, бұл сабаққа постердің мәтінінде не жазылған, соған аса назар аудардым. Әсіресе «Польша» тобы тақырыпты барынша аша білген. Саяси картадан Шығыс Еуропа мемлекеттерінің географиялық орнын көрсетіп берді. Барлығын өздері ұйымдастырды, мен тек бағыттадым, деңгейлік сұрақтар бердім.
Достарыңызбен бөлісу: |