Сабақ тақырыбы 2a заттар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата18.02.2020
өлшемі28,2 Kb.
#58313
түріСабақ

Заттар және материалдар

Мектеп: №47 ЖОМ

Күні: 4.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Курбанкулов Б.

Сынып: 5


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

5.2A Заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру

5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- Заттың жалпы агрегаттық күйі бойынша білімді бөлшектер теориясы тұрғысынан қайталауға тапсырмаларды орындайды.

- Топтық талқылау кезінде заттың негізгі физикалық қасиеттері бойынша ақпарат алмасады.

- Презентацияда негізінде берілген ақпаратты талдайды және жаңа білімді бекіту тапсырмаларын орындайды.



Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар:

- Заттың физикалық қасиеттерін- тығыздығын, аққыштығын, электрөткізгіштігін, тапталғыштығын, иілімділігін біледі және түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

- заттың физикалық қасиеттерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: 

- Аталмыш физикалық қасиеттерін негізінде техникада және күнделікті өмірдегі қолданылу мүмкіндіктерін айтады.



Тілдік мақсаттар


Оқушылар біледі:

- Кілтті сөздермен терминдерді дұрыс қолдануды;

- заттың күйінің өзгерін постерге немесе диаграмма түрінде салады өздері байқаған құбылыстарын түсіндіреді және заттардың жіктелу критерийлерін талқылайды;

- заттарды қасиеттері бойынша жіктей алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қаттығ сұйықтық, газтектес, бөлшектер, қату, буландыру, тұндыру, айдау, маталдық, температура қыздыру салқындату

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша су қатқанда күй ..., себебі …

Х металл, өйткені….

Х металл, себебі….

Бөлшектердің қозғалысы …артады/кемиді, себебі …

Бөлшектер қатты қозғалады



Пәнаралық байланыстар

Физика дене, матери, зат және қоспалар туралы түсінік

Бастапқы білім

5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіреді

5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіреді



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Басы

1 мин


Амандасу

Оқушыларды түгендеу






2-7 мин


Тапсырма1

Суреттегі заттың агрегаттық күйін анықтаңдар, егер футбол алаңындағы адардарды бөлшектер ретінде елестетер болсақ:

1.Алаңдағы; 2. Әдеттегі трибунадағы; 3. В VIP трибунадағы.

Жауабы: 1) газ тектес; 2) сұйықтықтар; 3)қатты зат

Тапсырма2

Ақпараттық парақты қолданып "Өрмекші" диаграммасын құрастыру тапсырма орындау. Ол үшін сізге слайд 2 көрсетілген дей етіп карточкаларды үш топқа жинау қажет.

Жауабы: Слайд 3





8-12мин

13мин


Сабақтың мақсатына шығу

Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтау (слайд-1)

Ауызша жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. Ол үшін мұғалім заттар мен заттардың топтарын (пішіні, түсі, мөлшері бойынша бірдей және әртүрлі) таңдап алады. Мысалы, көлемі бірдей, бірақ түсі әртүрлі бірнеше доп және текше, т.б.

Ø Мына заттың түсі қандай?

Ø Ол неден жасалған?

Ø Оның көлемі қандай?

Ø Үлкен доп нешеу? т.с.с

Оқулықпен жұмыс. Оқулықпен және дәптермен таныстыру. Олардың атқаратын қызметтеріне түсінік беру.

№ 1 суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу.

Ø Суретте кім бейнеленген?

Ø Балалардың төменгі жағында бейнеленген заттарға мұқият қараңдар. Оқушы өзінің портфеліне қандай заттарды, ал бала өзінің арқа сумкасына қандай заттарды салады?

1-ші слайдтардағы суреттерді көрсету.

Осы суреттерді көрген кезде оқушыларда қандай ассоциациялар туындайтынын сұрап, ой қозғау.

1. Табиғатта барлығы материядан құралады. Ал олай болса материя неден тұрады? ( зат)

2. Заттың бірнеше агрегаттық күйі болады ма?

Сұйық затты бір ыдыстан басқа бір ыдысқа құйып алуға болады ма? Заттың осы қасиеттері атады - ... (заттың аққыштығы).

3. Ыстық шайға қасықты салып қойып біраздан кейін ауызға салғанда қасықта температурасы қалай өзгереді? Заттың осы қасиетін ... деп атайды (Электр жəне жылуөткізгіштігі)

Егер оқушылар жауапқа шыға алмаса, қосымша

(С,Б) Оқушылардың бөлшектер және олардың қалпы туралы білімдеріне шолу және олардан қатты бөлшектер, сұйықтықтар мен газдар үшін нені білдіретінін ойлануды сұраңыз.

Сабақтың тақырыбын түсіндіру:

Заттардың физикалық қасиеттері: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, тапталғыштығын, иілімділігін сипаттау.


Презентация


Ортасы

14-18мин



Ұғыну

(Жж) Оқушыларды төрт топқа бөлу:

(С) ақпараттық парақшалар таратылады. Оқушылар ақпаратты оқып теориялық материалдарды меңгереді және талдайды.

Әрбір топ А4 парағына мини-постер жасауға дайындалады.

Топта оқушылар спикерлерді салайды, спикерлер басқаларға ақпаратты (жеткізеді) түсіндіреді.

Басқа қатысушылар белгілі реттілікпен (сағат тілі бағыты бойынша) жылжып отырады, спикерлер бір топқа ақпаратты түсіндіріп болғанға дейін, басқа топ оқушылары күте тұрады, да ең соңында өз топтарына қайта оралады.

Олар басқа топ спикерлерінің түсіндірген ақпараттарын өз тобының спикерлеріне жеткізеді.

Оқушылардың жаңа түсінікті талқылап түсіну:

Заттардың негізгі физикалық айырмашылығы –тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, тапталғыштығын, иілімділігін мен сипаттайды

Металл аққыштығы– жүктеме берілу кезінде металдың пластикалық пішінсіздену қасиеті. Металл аққыштығы – жартылай өңделген өнімдерден дайындамалардың сырт пішінін құру кезінде, қысыммен өңдеуге қабілеттігінің барлығын анықтайтын металдардың қажетті технологиялық қасиеті. Суықтай созу кезінде металл аққыштығын анықтау үшін технологиялық сынама түріндегі сынақтардан (бүгу, сығу, жаншу, т.б. сынақтар) өткізеді. Металл аққыштығы балқытылған металдың құйма қалыпты толтыру қабілеттілігі болып табылады. Ол құйма қорытпалардың ең маңызды технологиялық қасиеттерінің бірі.

Беріктік — материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай да бір әсерлерді (салмақ түсу, температураның өзгерісі, магнит, электр, т.б. өрістері, кебу немесе ісіну, т.б.) қабылдай отырып, бүлінбей сақталу қасиеті; сыртқы күштердің әсерінен қалпының өзгеруіне және бұзылуына қарсыласатын қатты дененің касиеті.

Иілімділігі (пластикалығы) - Металдарды соққанда, ұсақ түйіршіктерге бөлініп шашырап қалмайды, небəрі пішінін өзгертіп тапталады не жанашылады, яғни соғуға төзімді пластикалық қасиетін, иілімділігін көрсетеді. Созымды деформация деп – жүктеу аяқталғаннан кейін қалпына келмейтін деформация түрін айтамыз. Созымды деформация металдардың құрылымы мен қасиеттерінде қалдық өзгерістер қалдырады.

Электр жəне жылуөткізгіштігі- Электр өрісінің əсерінен электрондар бағытты қозғалысқа ие болады, сөйтіп, электр тогя пайда болады. Электрөткізгіштігі ең жоғары металдар күміс пен мыс, одан кейін алтын, алюминий, темір болып келеді. Ең аз электрөткізгіштік сынапқа тəн.


Ноутбуктер
Қосымша пайдалы видео:
Презентация

Деректер:


Қосымша пайдалы ақпарат:




Бекіту

20-37мин



(Б), (Ж)

Жаңа білімді бекіту.

тапсырмалар парағындағы ҚБ тапсырмаларды орындау.

Дағдылар

бағалау критерийлеріне:

Оқу мақсатына оқушы жетеді, егер



Білу түсіну

бақылауы;

топтық жұмыс кезіндегі белсенділігі;

Бекітуге арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау кезінде


Жоғарыдағы "бағалау критерийлері" арқылы оқушылар өз жұмыстарын бағалайды.


Тапсырмалар парағы №1
Тапсырмалар парағы №2

Қосымша тапсырмалар





Соңы

38-40 мин




Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сабақ кезінде сен не істедіңіз (тізіп), атап жазыңыз.

Ойланыңыз, жұмыс жақсарту үшін, сізге нені өзгерту қажет?

Мен жұмысты орындай алар едім . . .

Менің нәтижелі жұмыс жасауыма, не жетіспегендігін бүгін түсіндім.

Мен бүгін бүкіл күшімді салып жұмыс жасадым. Менде бәрі нәтижелі болды.

Мен тырыстым, алайда барлығын орындай алмадым.

Үй тапсырмасы:

Жаңа білімді қайталау. Парақтағы тапсырмаларды аятау.


рефлексия парақшалары



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

- Заттың физикалық қасиеттерін- тығыздығын, аққыштығын, электрөткізгіштігін, тапталғыштығын, иілімділігін біледі және түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

- заттың физикалық қасиеттерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: 

- Аталмыш физикалық қасиеттерін негізінде техникада және күнделікті өмірдегі қолданылу мүмкіндіктерін айтады.



Дағдылар

бағалау критерийлеріне:

Оқу мақсатына оқушы жетеді, егер



Білу түсіну

бақылауы;

топтық жұмыс кезіндегі белсенділігі;

Бекітуге арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау кезінде





Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

 қайнаған су үшін сақтықтың стандартты шаралары




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар берілген уақытты тиімді пайдалана алды, бүгінгі сабақтың мақсатына жетті

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет