«№4 орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Абзацтар, шегіністер мен аралықтар.
Практикалық жұмыс №3
Өткізген: Мамакова П.П.
2016-2017 оқу жылы
Күні: 18.01.2016 жыл
Сыныбы: 6 «в»
Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер мен аралықтар. Практикалық жұмыс №3
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға абзацтар, шегіністер мен аралықтарды қолдануды үйрету ;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылық арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, MS Word 2007 мәтіндік редакторы, интербелсенді тақта, тұсаукесер, бағалау парағы, таратпа материалдар.
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. «Кім көп біледі?» ойыны
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. «Пернетақта» ойыны
6. Тәжірибелік жұмыс
7. Оқушыларды бағалау
8. Үй тапсырмасы
9. Рефлекция
1.Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын «Сиқырлы шарлар» ойыны арқылы тексеру. Қаріп тобының құралдарын анықтау керек. Егер жауап дұрыс болса шар әуеде қалықтайды.
Дұрыс емес болған жағдайда шардың түсі өзгереді. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріп отыру.
3. «Кім көп біледі?» ойыны:
Оқушылар кезекпен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріліп отырады.
4. Жаңа сабақты түсіндіру:
Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагменттіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен , жолақтың Басты => Абзац бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі (1 - сурет) бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.
- ағымдағы абзацта мәтінді түзету: сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, екі жақ шеті бойынша;
- абзацтағы шегіністі азайту (ұлғайту)
Интервалдарды абзацтың алдын да (алдыңғы абзацтың соңғы жолы мен ағымдағы абзацтың бірінші жолының арасына ) және абзацтың кейін де (келесі абзацтың бірінші жолы мен ағымдағы абзацтың соңғы жолының арасында ) орнатуға болады. Бұл функция үшін Алдындағы интервал және соңындағы интервал (2 - сурет) өрістері жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |