Сабақ тақырыбы Қайталау. Ббжб №5 Оқу мақсаты



Дата19.02.2020
өлшемі46.98 Kb.
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : 6 -бөлім. ( 10 сағат). Су—тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен -көлдер. Морфология.

Пәні: қазақ тілі. Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 «А». Қатысқандар: Қатыспағандар:



Сабақ тақырыбы

Қайталау. ББЖБ №5

Оқу мақсаты.

6.1.5.1-тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.

Сабақ мақсаты.

Оқушылардың барлығы: мәтін мазмұнын түсінеді.

Көпшілігі: тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.

Кейбірі: мәтіндегі негізгі ,қосымша ақпаратты ауызша сұхбат пен жазба жұмыстарында қолдана алады.Есімдіктерді талдай алады.


Тілдік мақсат.


Негізгі сөздер мен тіркестер : Дәуіт.Ұлық.Алла.Сүлеймен.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, жолдастарымның тұжырымдауынша, ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек.

Талқылауға арналған сұрақтар: Судың пайдасы туралы не білесіңдер?

Су жайында қандай мәліметтерге иесің ?

Есімдіктер қалай түрленеді.?


Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұнын түсінеді.

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді.

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, жазба жұмыс жазады.


Құндылықтарға баулу

Табиғи байлықты бағалау.Қоршаған ортаны таза ұстай білу.Суды сақтау.


Пәнаралық байланыс.

биология, география, тарих, әдебиет теориясы .


Алдыңғы оқу.

Сумен байланысты аңыздар туралы біледі.


Сабақ барысы




Жоспарланған жаттығулар.

Ресурстар

Әдіс тәсілдер.



Басталуы

2 минут.



Оқушылармен сәлемдесіп, жағымды ахуал орнату.

Сабақ мақсаты мен бағалау критериін таныстыру.

«Ойтүрткі сұрақтары».

Су туралы қандай мәлімет білдіңдер?

Есімдік қандай сөз табы?

Есімдік қалай түрленеді?




Ортасы.

10 минут.


6 минут.

20 минут


1-тапсырма. Оқылым. Топтық жұмыс. «Бағытталған оқу» әдісі. Критерий: Мәтінді оқып, жоспар құрады.

Дескриптор. Мәтінді түсініп оқиды.

Негізгі ақпаратты анықтайды.

Мазмұндау жоспарын құрастырады.

Нүкте орнына бата сөздер жазады .

Сұрақтарға жауап береді.

3-тапсырма. Жеке жұмыс.Жазылым.«Төрт сөйлем» әдісі. Критерий . Оқылым мәтінінің мазмұны бойынша жинақы мәтін жазады. Дескриптор.

Өз пікірін бір сөйлеммен білдіреді.

Бір сөйлеммен өз пікіріне дәлел келтіреді.

Пікірлерін өмірмен байланыстырып, мысал жазады.

Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

ББЖБ тапсырмаларын орындау. Талдау. Жеке жұмыс. Есімдіктерді септеу, тәуелдеу.

Үйге: 127 бет. 12-тапсырма


Оқулық.

дәптер, ручка.

Тақта, бор.


Соңы.

2 минут.


Кері байланыс. Есімдіктердің түрленуі туралы не білдің ?

Судың қандай пайдасы болады екен ?





Қосымша ақпарат : Есімдіктің түрленуін үйрен.

Су көздерін қалай табуға болатындығына зерттеу жасайды.

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз.



Бағалау.Сіз оқушылардың үлгерімін қалай бағалайсыз.

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау.

Қабілетті оқушылармен жұмыс.

Су туралы зерттейді.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:су туралы оқып үйренеді


қалыптастырушы баға беріледі.

Ауызекі.


Өзін-өзі бағалайды.


Партада дұрыс отыру. Кедергі келтіретін заттардан абай болу.т.б.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары қолжетімді ме?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?




Жалпы бағалау :Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім.


Сабақтың тақырыбы: Септік жалғауы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Септік жалғаулары, грамматикалық мағыналары туралы түсінік беру, септік жалғауын ажырата алуға машықтандыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлеу дағдысын бекіту.

Тәрбиелік: Оқушылар бойынан адамгершілік қасиеттер дамыту, ізгілікке, ынтымаққа, туған тілін , туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі:түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, сөзжұмбақ, қима қағаздар, Көлсай көлінің суреті.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

І. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

ІІ. Есіңе түсір. «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.

1. Морфология нені зерттейді?

2. Түбір дегеніміз не?

3. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?

4. Қосымшалардың неше түрі бар?

Жауап беретін оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.

ІІІ.Сынап көр: 1.Ертегілер елінде. "...Ерте заманда септік деген бай болыпты. Оның жеті ұлы бар екен. Септік қарт ұлдарын шақырып алып былай депті:

-Балаларым, мен қартайдым. Бұрынғы ата-бабаларымыз «Үлкен шаңырақтан еншісін алып, бөлек шыққан отау үй көрікті»,- деген екен. Сол айтқандай, сендер де бақтарыңды сынап, ел аралап, өздеріңе лайық зат табыңдар. Әркімнің тапқан табысына орай,еншілеріңді беріп, бөлек шығарамын.

Жеті ұл түрлі ілімді меңгеріп,ел аралап,жер танып,уәделі күндері үйлеріне оралыпты. Тек үлкен ұлы Атаудың қабағы салыңқы,көңілсіз екен.

-Иә, балаларым, не таптыңдар, не көрдіңдер, не байқадыңдар?- деп сұрайды Септік қарт. Үлкен ұлы атау үндемей,тұнжырап отырып қалады. Қалған балалары өздері тапқан олжаларын ортаға салады. Барлық балаларының әкелгендеріне риза болған Септік қарт алты ұлды алты отау етіп бөлек шығарып тұрып айтқан екен:

-Балаларым, мына шаңырақтың иесі – үлкен ұлым Атау, қазақта шаңыраққа үлкені немесе кенже бала ие болады. Менен кейінгі сендерге баскөз болатын –мына ағаларың.Олжасыз оралды деп сөкпеңдер. Тату-тәтті өмір сүріңдер...

Қазақта жеті түрлі септік формасы бар екенін бастауыш сыныптан білеміз.

Атау: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Атау септік басқа септіктерге негіз болады. Басқа септік жалғаулары атау септігіне жалғанып барып септеледі.



Септелген сөздерді ретімен жазыңдар. «Кім жылдам?» Дидар, дәптерге, тұздың, Көлсайдан, Күрметіде, кітапты, апамен.

Анықта: (Жаңа сабаққа түсінік беру). Кестеге назар аудар

Септіктер__Мағынасы__Жалғаулары'>Септіктер

Мағынасы

Жалғаулары

Сұрақтары

Мысалдар


Атау

Зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Іс-әрекеттің иесін білдіреді.

Жалғауы жоқ

Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Мектеп

Ілік

Заттың кімнің меншігі, неге тәуелді, тән екенін білдіреді.

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің?

Мектептің

Барыс

Іс-әрекет, қимылдың бағытын, мекенін, мезгілін білдіреді.

-ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не

Кімге? Неге? Қайда?

Мектепке

Табыс

Іс-қимылдың нысанын білдіреді, затты нұсқайды.

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

Кімді? Нені?

Мектепті

Жатыс

Қимыл-әрекеттің жүзеге асырылу орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді.

-да, -де, -та, -те, -нда, -нде

Кімде? Неде? Қайда?

Мектепте

Шығыс

Заттың мағынасы, іс-қимыл , әрекеттің шығу тегін, мекені, мезгілін білдіреді.

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

Кімнен? Неден? Қайдан?

Мектептен

Көмектес

Іс-қимылдың амалын, жүзеге асырылу тәсілі бірлескен әрекетін білдіреді.

-мен, -бен, -пен

Кіммен? Немен? Қалай?

Мектеппен

Сөздер алдымен тәуелденіп, содан соң септелген жағдайдағы кестеге назар аудару

Септіктер

Сұрақтары

Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін

Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін

Атау

Кім? Не?

(апам)

Апасы

Ілік

Кімнің? Ненің?

-ның (апам-ның), -нің

-ның, -нің,

(апасы-ның)



Барыс

Кімге? Неге? Қайда?

-а, -е, (апам-а)

-на,-не, (апасы-на)

Табыс

Кімді? Нені?

-ды, -ді, (апам-ды)

-н, (апасы-н)

Жатыс

Кімде? Неде? Қайда?

-да, -де, (апам-да)

-нда, -нде, (апасы-нда)

Шығыс

Кімнен? Неден? Қайдан?

-нан, -нен, (апам-нан)

-нан, -нен, (апасы-нан)

Көмектес

Кіммен? Немен? Қалай?

-мен, (апам-мен)




ІV.Іске асыр (жаттығулар жұмысы). 33-жаттығуды орындау

1.Сөйлемдерді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің астын сызу.

Айырдан туған жампоз бар,

Жүгін нарға салғысыз .

34-жаттығуды орындау: Мәтіннен септік жалғаулы сөзді тауып жазу.

Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан, мынау ат үстінде, мынандай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы Шолпандай.

V. Құрастыр.(жаңа сабаққа сөйлем ойлау)

1.Бекіту мақсатында септіктерге 4 сөйлем ойлату. Мысалы:

1.Мақал- сөздің мәйегі.

2.Талаптыға нұр жауар.

3.Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер.

VІ. Көлсайға саяхат «Көлсай» суретін көрсету. Ұлан Мүшіровтің «Көрікті Көлсай» әні баяу естіліп тұрады.


  1. Қима қағаздарға жауап беру:

Сарыны күй боп шалқыған,

Самалға бойың балқыған.

Көлсайдың сұлу келбеті,

Көңілде ән боп қалқыған.

Серік Әбдіраймов «Көлсай». Өлеңдегі зат есімдерді табу. Септікті көрсетіңіз?


  1. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі зат есімдегі септіктерді табыңыз.

Құзары Құдырғының құлдыр шұнақ,

Өрікті – ол боз биедей желіндеген.

Ақсақал, Байсауырын, Тайсауырын,

Жалмауыз шығар көктің көгін жеген.



  1. Зат есімді табу. Септік жалғауын көрсетіңіз?

Арқырап асау Шелек орыпты тас,

Бурадай бұлқынады көк ала бас.

Ол баста Күншығысқа шыға шауып,

Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш.

VІІ. Іске асыр.

Тау сөзін септеу.

А. Тау

Б. Тауға Сіздің тауыңыз



Т. Тауды ІV. Оның тауы

Ж. Тауда


Ш. Таудан

К. Таумен

Көмектес септік жалғаулары буын үндестігіне бағынбайды.

VІІІ. Нәтиже



  1. Тақтаға 3 оқушы септеп жазады.

1 оқушы 2 оқушы 3 оқушы

тауым тауың тауыңыз

Ереже шығарып, өздеріне атын айтқыз.


  1. Сөзжұмбақты шештіру



Б

а

р

ы

С

К

ө

м

Е

к

т

е

с

П

а

д

е

ж

Ж

а

Т

ы

с

І

л

І

к

К

о

м

у

1. Кімге? сұрағына жауап беретін септік.

2. Кіммен? сұрағына жауап беретін септік.

3. Орыс тілінде септік қалай аталады?

4. Кімде? сұрағына жауап беретін септік.

5. Кімнің? сұрағына жауап беретін септік.

6.Дательный падежінің сұрағы?

ІХ. Өзіңді бағала

Жұлдызшаларын есептеп, бағаларын қою.

Х. Үйге тапсырма

Крассворд құрастыру. Септіктер. Ережелерді қайталау.


Септік жалғаулары - Падежные окончания.

В казахском языке в отличие от русского 7 падежей (в русском языке 6 падежей):



Атау септігі
 (именительный падеж) отвечает на вопросы кім? (кто?), не? (что?) (кімдер? нелер?) -множ. число. Например: Әлібек (кім?), адамдар (кімдер?), кітап (не?), кітаптар (нелер?) -окончаний нет.

Ілік септігі (родительный падеж) отвечает на вопросы кімдер? (чей? чья? чье?), (кімдердің?), нелердің? (что? от чего?), нелердің? и выступает в значении определения.

Ілік септігі имеет окончания -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

Ілік септігі в речи всегда употребляется в сочетании с формой принадлежности ІІІ лица. Ілік септігі в предложении является определением и стоит перед определяемым словом. Определяемое слово употребляется в притяжательной форме. Например: Анардың (кімнің?) әжесі -Бабушка Анара.

В казахском языке собственные имена, обозначающие названия городов, рек, улиц, гор и т.д., употребляются перед теми словами, к которым относятся, а последние -в притяжательной форме ІІІ лица. Абай көшесі -Улица Абая.

Окончания ілік септік иногда опускается, но притяжательное окончание ІІІ лица (-сы, -сі, -ы, -і) всегда сохраняется. Например: институттың ректоры -институт ректоры.

Барыс септігі (направительно-дательный падеж) соответствует русскому дательному падежу без предлога и с предлогом. Например: Әсияға (Асие), мұғалімге (учителю), Алматыға (в Алматы).

Барыс септігі отвечает на вопросы кімге? (кому?), неге? (чему?), қайда? (куда?).

Слова в барыс септік обозначают направление предмета к кому или чему-нибудь. Например: университет-ке (в университет), жұмыс-қа (на работу), үйі-ңе (домой).

Барыс септігі образуется при помощи окончаний -ға/-ге, -қа/-ке, -на/-не, -а/-е.

Послелоги дейін (шейін), қарай, бола употребляются только в сочетании с существительными дательного падежа.

Табыс септігі (винительный падеж) по своему значению соответствует русскому винительному падежу без предлога и в предложении выступает в качестве прямого дополнения. Табыс септігі отвечает на вопросы кімді? кімдерді? (кого?, нені? нелерді? (что?). Например: оқушыны (ученика), газетті (газету).

Существительные в табыс септік принимают окончания -ы/-ді, -ты/-ті, -ны/-ні, -н.



Жатыс септігі отвечает на вопросы кімде? кімдерде? (у кого?), неде? нелерде? (у чего?), қайда (где?), қашан? (иногда?). Например: Раушан лекцияда отыр. (Раушан сидит на лекции).

Жатыс септігі имеет окончания -а/-де, -та/-те, -нда/-нде.

В казахском языке жатыс септігі обозначает:

Место нахождения лица или предмета. Например: Әйгерім Астанада тұрады. Киімдер шкафта ілулі тұр.

Время действия и состояние предмета. Например: Жазда ауылға барамыз. Асқар түнде ұшады.

Возраст человека. Например: Болат жиырмада, Әсел он сегізде.



Шығыс септігі (исходный падеж)

Слова, отвечающие на вопросы кімнен? (от кого?), неден? (из чего?), қайдан? (откуда?) указывают на исходный пункт действия предмета или на материал, из которого сделан предмет. Например: Студент институттан келе жатыр. (Студент идет из института). Ол кірпіштен үй салып жатыр. (Он строит дом из кирпича).

Окончания исходного падежа -нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен варьируются в зависимости от того, на какой звук оканчивается слово.

Көмектес септік (инструментальный падеж)

Көмектес септік образуется при помощи окончаний -мен, -бен, -пен и отвечает на вопросы кіммен? - с кем? , немен? - с чем?, қалай? - как?



Слова в көмектес септік указывают, чем, при помощи чего совершается действие и всегда имеют мягкие окончания /-мен, -бен, -пен/ независимо от мягкости и твердости последнего слова /основы/
Например: Мен поезбен келдім - Я приехал поездом. Шырын концертке Шынармен кетті. - Шырын пошла на концерт с Шынар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет