Сабақ тақырыбы: Аласа таулы өлкелер (ашық сабақ 8 сынып) География пәні мұғалімі: Қ. Ж.Қуанышқалиева



бет1/5
Дата24.04.2017
өлшемі0,91 Mb.
#14689
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Абай атындағы мектеп-гимназия

Сабақ тақырыбы:
Аласа таулы өлкелер
(ашық сабақ 8 - сынып)

География пәні мұғалімі: Қ.Ж.Қуанышқалиева


Сабақтың тақырыбы:Аласа таулы өлкелер
Мақсаты:

1. Оқушыларға жер бедерінің бірі аласа таулар, олардың пайда болуы, өзгеруі, табиғатқа берер сұлулығы туралы әңгімелесу арқылы олардың танымдылық қабілеттерін, аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру

2. Ішкі және сыртқы күштердің таулардың жер бедерін өзгертудегі рөлін түсіндіру, ізденуі мен шығармашылығын, өздік жұмысын, картамен, сандық көрсеткіштермен жұмыс істеуін, логикалық ойлауын, іскерлігі мен ізденімпаздығын, сөздік қорын дамыту

3. Өлкенің сұлу да әдемі таулы көркем табиғатын сүюге баулу


Оқыту құралдары: 8-сыныпқа арналған электронды оқулық материалдары,

Қазақстанның физикалық, тектоникалық карталар, фотосуреттер


Негізгі ұғымдар: Тау, таулардың биіктігі бойынша бөлінуі
Номенклатура: Сарыарқа, Ақсоран, Қарқаралы, Шыңғыстау, Ұлытау, Көкшетау,

Баянауыл, Мұғалжар, Маңғыстау, Қаратау, Ақтау таулары, Қарақия,

Өлітеңіз, Турфан, Ассаль, Каттар ойыстары
Пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері, информатика

пәндерімен байланысады



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «Қазақстан жазықтары» тақырыбы

а) Біз ҚР-ның азаматтарымыз, сондықтан, Отанымыз туралы білуіміз керек.

Отанымыздың жер бедері қандай?

ә) Жазықтар, таулы қыраттар, таулы үстірттерді ата

(Торғай, Орал алды, Жалпы Сырт, Бетпақдала үстірті)

б) Картадан көрсет

в) Жоспар бойынша сипатта (ауызша сұраққа жауап беру)

-Батыс Сібір жазығы Қазақстанның қай жағында?


-Жазықтың жері қандай?
-Батыс Сібір жазығы қай жақтан, қай жаққа қарай аласарады?
-Тұран ойпатының Қазақстанға қай бөлігі кіреді?
-Оңтүстіктегі құм қалай аталады?
-Тұран ойпатын екіге бөлетін өзен?
-Каспий маңы ойпаты мұхит деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
-Солтүстік және солтүстік батысында Каспий маңы ойпаты,
батысында Маңғыстау жазығымен шектесетін жер?
-Орал алды (жем) үстірті нелердің аралығында орналасқан? (Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар)

-Мұзбел жоны қайда орналасқан? (Үстіртте – 340 м)



  1. Жазыққа сипаттама беру (Жоспары көрсетіледі)

-Қайматериктеорналасқан?

-Жазықшекарасы?

-Қайбағыттатөментүседі?

-Қандайөзендерағады?

-Жазықтаорналасқанқалалар?

(Батыс Сібір жазығы,

Тұран, Каспий маңы ойпаты)


  1. Үй тапсырмасы қорытылады

Номенклатура диктант жазу (3 мин):

Солтүстікқазақжазығы, Тұран, Каспий маңыойпаты,Үстірт, Торғай, Орал алды, Бетпақдала, Жалпы сырт қыраты, Балқашмаңыжазығы, ҮлкенжәнеКішіБорсық,Тауқұм, Сарыесік Атырау құмдары.



III.

  • Жер бедері қандай ірі пішіндерден тұрады?

  • Жер шарындағы таулар не себептен өзгермей тұрмайды?

Олай болса таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?





Тақырыбы: Аласа таулы өлкелер

Номенклатура: Сарыарқа, Ақсоран, Қарқаралы,

Шыңғыстау, Ұлытау, Көкшетау, Баянауыл,

Мұғалжар, Маңғыстау, Қаратау, Ақтау

таулары, Қарақия, Өлі теңіз, Турфан,



Ассалы, Каттар ойыстары



  • Сарыарқа

БШ=1200км ОС950км

Бені 900км

Шені 350км

Абсолюттік орташа биіктігі – 500-600 км



  • Бұдан кейін Сарыарқаны одан әрі оқып үйренуге тапсырма:

  1. Оқулықтан 50-бетіндегі тектоникалық картаны пайдалана отырып Сарыарқаның қай кезеңдерде пайда болғанын анықтаңдар.

  2. Қазақстанның физикалық картасын, атласты пайдалана отырып қазақтың ұсақ шоқысы қандай тау жоталарынан тұратынын және ең биік нүктесін табыңдар.

  3. Аласа таулы өлкелердің жер бедерінің өзгеруіне қандай табиғат процестері әсер етуде?

  • Таулардың орографиялық сызбасын көрсету

  • Оңтүстік шығысында Ақсораң тауы, оңтүстік батысында Ұлытау, Солтүстігінде Көкшетау,

Шығысында Шыңғыстау, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет