Сабақ тақырыбы Алыстан және жақыннан көргіштік Оқу мақсаттары



бет1/12
Дата04.07.2018
өлшемі2,58 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Физика



Мұғалім

Жүсіпназарова Гүлмайра

Мектеп, сынып

Тараз қаласы,

Назарбаев зияткерлік мектебі, 8-сынып



Сабақ тақырыбы

Алыстан және жақыннан көргіштік




Оқу мақсаттары

- Көздіӊ негізгі бөліктері және олардыӊ қызметімен таныстыру;

- Көздіӊ оптикалық жүйесімен таныстыру;

- Көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін анықтау;

- Көздіӊ аккомодациясын таныстыру;

- Көздіӊ ақауларымен танысу: алыстан және жақыннан көргіштік;

- Алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді үйрету.



Сабақтың міндеттері

Оқушылар білуі керек:

- көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін;

- көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін;

- көздіӊ ақауларын айыра білу;

- алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті қандай көзілдірікпен түзету.


Тілдік мақсаттар



Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары, терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: Көз – күрделі оптикалық жүйе, көз бұршағы, көз торламасы, аккомодация, алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік.
Арнайы пәндік лексика және терминология:
Сөздік

Көз бұршағы

lens

хрусталик



Көз торламасы

retina


сетчатка

Жақыннан көргіштік

Myopia

близорукость

Алыстан көргіштік

Hyperopia

дальнозоркость

Ойыс линза

Concave lens

Вогнутая линза

Дөӊес лин

а

Convex lens



Выпуклая линза
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:
Көз алмасының тор қабатында нәрсенің шын, кішірейтілген, төңкерілген кескіні пайда болады.

Көз нәрсенің орналасу қашықтығына байланысты өзінің оптикалық күшін рефлективті өзгертуі мүмкін. Бұл процесс аккомодация деп аталады. Циллиарлық (кірпік) бұлшық еттерінің босаңдық кезінде көздің көретін нүктесі алыстағы нүкте деп аталады. Циллиарлық бұлшық еттерінің ең үлкен күш салуы кезінде көздің анық көретін нүктесі жақындағы нүкте деп аталады. Сау көздіӊ алыстағы нүктесі шексіздікте, ал жақындағы нүктесі 15-20 см қашықтықта орналасқан.



Жақыннан көргіштік - көздің алыстағы нүктесі шекті қашықтықта орналасады және күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның алдында пайда болады.

Алыстан көргіштік - көздің жақындағы нүктесі алыстап кетуіне алып келетін көздің ақауы. Күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның сыртында пайда болады.

Өткен сабақ материалдары

Оптикалық құралдардыӊ сызықтық ұлғаюы. Жұқа линзалардыӊ қолданылуы.


Көздің оптикалық жүйесі
Көз аккомодациясы
Бинокулярлық көру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу