Сабақ тақырыбы Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту. (4 сабақ)



бет1/4
Дата04.12.2019
өлшемі1,48 Mb.
#53006
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
10matem201815 (1)


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы :

5.2А Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп : №33 ЖОББМ


Күні: 26.01.2018ж

Мұғалімнің аты жөні: Киреева Казиза


Сынып: 5

Қатысқандар – 18

Қатыспағандар – 0

Сабақ тақырыбы

Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту. (4 сабақ)

Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары

5.1.2.20 Аралас сандарды қосу және азайтуды орындау.

Сабақтың мақсаты

-Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу, азайту ережелерін біледі,есептер шығарады , натурал санға аралас санды қосуды, натурал саннан аралас санды азайтуды орындайды.

-Аралас сандарды қосып, азайтуды орындағанда қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдалана алады және бірнеше амалдардан тұратын аралас сандарды қосып, азайтуға берілген есептерді шығара алады.

-Мәтінді есептерді шартына сәйкес санды өрнектер құрастырып аралас сандарды қосу,азайту алгоритмін қолданып есептер шығара алады



Бағалау критерийі

- Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу,азайту, натурал санға аралас санды қосуды,натурал саннан аралас санды азайтуды орындайды, ережелерін біледі, түсінеді.

- Аралас сандарды қосып, азайтуды орындағанда қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланады және бірнеше амалдардан тұратын аралас сандарды қосып, азайтуға берілген есептерді шығарады.

- Мәтінді есептерді талдап, шартына сәйкес санды орнектер құрастырып аралас сандарды қосу,азайту алгоритмін қолданады, шешімдерін тауып түсіндіреді



Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: натурал сан,бөлімдері бірдей аралас сан, бөлімдері әр түрлі аралас сандар , аралас сандардын бүтін бөлігі,аралас сандардың бөлшек бөліктері, ЕКОЕ, толықтауыш көбейткіш.

Диалог пен жазу үшін қолданылатын негізгі терминдермен сөз тіркестері:



  • бөлімдері бірдей аралас санның қосындысын (айырмасын) табу үшін....

  • бөлімдері әртүрлі аралас санның қосындысын (айырмасын) табу үш....

  • натурал санды аралас сан түрінде жазу үшін....

  • натурал саннан аралас санды қосу үшін....

  • натурал саннан аралас санды азайту үшін....

Құндылықтарға баулу

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы. Ынтымақтаса жұмыс істеуге , бірін-бірі құрметтеуге, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, өзін өзі тану (психологиялық ахуал туғызу), жаратылыстану



Алдыңғы білім

  1. Аралас сандардын бүтін және бөлшек бөлігін ажыратады

  2. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосады және азайтады

  3. Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қосады және азайтады

  4. Натурал санға жай бөлшекті қосады

  5. Натурал саннан жай бөлшекті азайтады




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

2 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен амандасу;

- жоқ оқушыларды белгілеу;

- сынып тазалығын қадағалау;

2) «Өрмекші торы» тренингі.

Шарты: Оқушыларды ортаға дөңгелете тұрғызу. Басында добы бар жіп пайдаланамыз. Допты қолына алған оқушы кез келген оқушыға тілегін, бүгінгі күнге сәттілігін айтуы керек. Солай барлық оқушылар айналдыра айтып шығады, сонда өрмекші торы пайда болады.

Мақсат: Оқушының қасындағы сыныптастарына жақсы тілектерін айта отырып, көңіл-күйлерін көтеру, сынып оқушыларын сабаққа психологиялық даярлау.



Топқа бөлу. «Құпия сандық» әдісі. Нұсқау: алдарына құпия сандықшасын ұсынамын. Сандықшада дұрыс бұрыс, бөлшек және аралас сан жазылған әр түрлі фигуралар салынған. Оқушылар келіп сандықшадан бір – бірден фигураларды алып, ондағы санды оқып, өз тобын тауып алуы керек. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Топ аттары: «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек» және «Аралас сан».

Мыс:Сары түсте:;



Көк түсте: ; ; ; ; ; ;

Жасыл түсте: ; ; ; ; ; ;
Тапсырма: «Сұрақты ұстап ал!» әдісімен сұрақ-жауап түрінде оқушылар диалог арқылы ауызша жұмыстанады. Әр топ бір-біріне доп лақтыру арқылы cұрақ қояды.Әр түрлі түс бойынша таңдап алынған топтарға өзі таңдаған түстеріндегі бөлшектерге сипаттама беру, анықтамасын беру ұсынылады.

  1. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

  2. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

  3. Аралас сан дегеніміз не?

ҚБ: «Шапалақтау»







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет