Тақырыбы:
«Астана қаласына саяхат»
(ашық сабақ)
2 класс
Байжан Г.К.
2013 – 2014 оқу жылы
Сабақ: Тақырыбы: Астана қаласына саяхат
Мақсаты:
1.Астананың тарихы, ғимараттары, кешендері туралы мағлұмат беру,әңгімелей алу дағдыларын жетілдіру.
2.Туған жерінің , елінің тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды Отанын сүюге, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Өз халқының тарихын дәріптеуге баулу.
3. Оқушылардың қисынды ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік құралдар: Астана қаласының суреттері, байтерек , думан океанариумы, т.б. жазылған суреттер,слайд көрсету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздерме, балалар! Отырыңдар! Кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? (сынып түгел)
- Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
- Қазір көктем мезгілі
- көктем айлары қай айлар?
- Көктем айлары: Наурыз,сәуір,мамыр.
- Бүгін ауа райы қандай?
- Бүгін аптаның қай күні?
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Әр отбасы туралы туралы шағын әңгіме
Отбасы дәстүрлері
Бата
Мақал - мәтелдер
3
4
5
Жаңа сабақ.
Балалар, біз бүгін жаңа әсем, үлкен қалаға саяхат жасаймыз. Қай қалаға саяхат жасайтынымызды анықтап алу үшін мына сөзжұмбақты шешіп алайық.
Сөзжұмбақты шешу.
А)Қазақ халқының музыкалық аспабы.
Ә)Қазақстан Республикасының елбасы кім?.
Б)Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
В)Қазақ халқыныңұлы ақыны.
Г)Ас атасы нан. Ғ)Қазақстан Республикасының рәмізі.
Сөзжұмбақ
Д
|
О
|
М
|
Б
|
Ы
|
Р
|
А
|
|
|
Н
|
Ұ
|
Р
|
С
|
Ұ
|
Л
|
Т
|
А
|
Н
|
Т
|
О
|
Қ
|
Т
|
А
|
Р
|
|
|
|
|
А
|
Б
|
А
|
Й
|
|
|
|
Н
|
А
|
Н
|
|
|
|
|
|
Е
|
Л
|
Т
|
А
|
Ң
|
Б
|
А
|
Ал енді балалар Елордамыз Астанаға саяхатқа аттанайық. ( Астана туралы қысқаша мәлімет ).
Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. Бірінші астана – Орынбор қаласы, екінші астана – Қызылорда қаласы, үшінші астана – Алматы қаласы, төртінші астана – Астана қаласы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды. Ол «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған, үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. «Бәйтерек» - Астана символы.Сонымен қатар думан ойын сауық кешені бар.
«Думан» ойын – сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, «Джунгли» балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар.Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.
Дәптермен жұмыс. Орынбор, Қызылорда,Алматы,Астана
Топпен жұмыс: - сендер өздеріңнің қалаларыңды немесе ауылдарыңның Астана болғанын қалар ма едіңдер? Егер қаласандар қандай болады деп ойлайсыңдар?
Қорытынды:
Балалар бүгінгі сабақта Астанаға саяхат жасадық. Саяхатта не көрдік, не білдік соны бір-бірімізге әңгімелеп берейік.
- Сәлем, Сағыныш!
-
- Сағыныш, сен Астанада болдың ба?
-
- Астана қандай қала?
-
- Астанада қандай әдемі жерлер бар?
-
- Сен бұрын Астана болған қалаларды білесің бе?
-
- Биыл Астанаға барасың ба?
-
Бағалау.Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасы: Астана туралы шағын әңгіме жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |