Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Оқу мақсаттары



бет3/7
Дата02.02.2023
өлшемі76,85 Kb.
#167123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sabaq-kz attachment mzh.-dene-shynytyru-3-synyp.-aupszdk-erezhes.

Сабақтың ортасы
25 мин.



Қауіпсіздік техникасы
Дене белсенділігі және төзімділік
(С, Т, К, ҚБ) Сынып «жугіріс» топтарына бөлінеді. Стартта - 8 қатысушы. 30-40 м қашықтықтар кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңде жалаушалар орнатылады. Бірінші кезеңде жалаушалардың саны қатысушылардың санымен теңеседі, әрбір келесі кезең сайын жалаушалардың саны азаяды. Дабыл бойынша, оқушылар жугірісті бастайды және әрқайсысы кезеңдерде жалаушаны алуға тырысады Мұны жасап үлгермеген ойыншылар ойыннан шығады. Екінші кезеңнен кейін алты қатысушы қалады, сосын төртеу және соңында тек қана екі мықты қатысушы жарысады.
(Т, Ж, ҚБ) Оқушылар екі командаға бөлінеді. Командалар бір-біріне қарсы орналасып, екі сапқа тұрады. Бірінші ойыншыдан 2 м қашықтықта еденде 1 шеңбер жатыр (немесе диаметрі 80-100 см шеңбер сызылған). Дабыл бойынша ойыншы допты серпілістен кейін қарама қарсы жақтың ойыншысына тиетіндей етіп шеңберге лақтырады. Қатысушы допты қағып алады және осылай оны кері лақтырады. Қос ойыншы да допты лақтырғаннан кейін саптың соңына кетулері қажет.
(С, Т, К, ҚБ) Сынып екі топқа бөлінеді. Алаңда диаметрі 5-6 метр болатын екі шеңбер белгіленеді. Шеңбердің ортасында тұратын бастаушы таңдалынады. Қалған қатысушылар шеңбердің сыртына тұрады. Ойыншылардың міндеті шеңбердің сыртында тұрып бастаушыға тигізу. Ойыншы допты бастаушыға тигізгенде ұпай алады. Оқушылар бастаушыға допты лақтырмас бұрын өзара допты бір-біріне бере алады. Ойыншылар нәтижелерін жақсарту үшін қосымша өздерінің стратегияларын дайындайды.
(С, ЖЖ, ҚБ) Сынып жұптарға бөлінеді. 5-6 метр қашықтықта екі сызық сызылады. Оқушылар шеңбердің сыртына бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Әрқайсысының қолында доп. Дабыл бойынша қатысушылар доптарын бір-біріне кездесетіндей етіп домалатады. Доптары кездескен жұпқа ұпай беріледі. Қайталау саны уағдаластық бойынша. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңеді.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Ысқырық. Волейбол добы, жіп, тор, секіргіш.
Балаларғаарналғанқозғалмалыойындары интернет ресурстарыныңсілтемесі:
http://kladraz.ru/igry-dlja-detei/podvizhnye-igry





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет