Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Оқу мақсаттары



бет4/7
Дата02.02.2023
өлшемі76,85 Kb.
#167123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sabaq-kz attachment mzh.-dene-shynytyru-3-synyp.-aupszdk-erezhes.

Сабақтың соңы
5 мин



«Сабақты қорытындылау»
Кері байланыс кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:
- мен бүгін ... туралы білдім;
- маған … қиын болды;
- … туралы түсінік пайда болды;
- мен … үйрендім;
- … жасау қолымнан келді;
- … туралы білу қызықты болды;
- … мені таң қалдырды;
- мен … жасағым келді және т.с.с.
Осы секілді рефлексияны мұғалімге де ауызша жүргізуге болады.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Бос кеңістік.
Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру »

Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы.
Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу.
Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
Бақылау, тыңдау, сұрақтар
Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу
Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет