Көлеңкелі театрдан үзінді көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз: - Қуыршақ жетелеуші өз қуыршақтарын қалай тірілтеді?
- Қуыршақ театрын құру үшін қандай материалдар мен реквизиттер қолданылады?
-Қуыршақтар қандай материалдардан жасалған?
Оқушылар Әмен Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмімен таныс. Олардан мультфильмнің желісін еске түсіріп, төмендегі сұраққа жауап беруін сұраңыз.
мультипликациялық анимация қандай реттілікпен орындалған?
Шығармашылық жұмысты жоспарлаудың кезеңдерін анықта.
Тақырып аясында кішігірім зерттеу жұмысын жүргізу;
Сценарий құрастыру;
Кейіпкерлерді жасау;
Декорацияларды құрастыру;
Дыбыстау/музыкалық шығарма дайындау;
Қойылым.
Практикалық тапсырма. Сценарий бойынша кейіпкерлерді дайында. Тапсырманы оқушылардың қабілеттеріне қарай саралап беру ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға шаблон кейіпкерлерді беру ұсынылады. (С) Жұмыстың келесі кезеңдерін ұсыныңыз:
Қара картонда қаламмен фигураны салыңыздар (кейіпкердің силуэті).