Сабақтың ортасы
|
Оқушылар осы сабақта жасалған нобайлары мен жоспарларына іске асыру мақсатында, қолайлы материалдардан; фольга, сым, картон т.б. өздері таңдаған әшекейлі бұйымдарды жасайды.
Мысалы; қапсырма (қыз - келіншектер киімінің екі өңірін қаусырып, іліп тұратын ілгек), әшекейлі сырға, білезік, шолпы және т.б. Оларға әр алуан әшекей тастар салынады.
Бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану қажет. Сабақтағы жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Бұйым жасау мысалы:
қапсырманың қалып үлгісін жасап, қатырма қағазға түсіреміз де қиып аламыз.
Қалып үлгіні фольганың бетіне қойып, жан - жағын сызамыз. Бүктеу үшін 1см - дей артықтау алып, оны қиып аламыз.
Қатырма қағаздан жасалған қапсырманы фольгамен қаптап, жиектерін тегістеп бүктейміз.
Қапсырманың бетіне қарындашпен әр түрлі өрнектерді ойып саламыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін аудитория назарына ұсынылады.
Қорытынды сұрақтары:
1.Әшекей бұйымдарды ата?
2. Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?
3.Зергерлік бұйым жасаған кезде қандай әдіс тәсілдерді қолдандың?
4. Жұмыс барысында қиындықтар кездесті ме және қандай жетілдіру амалдарын пайдаландың?
Жұмыстар бүкіл сынып алдыңда талқыланып бағаланады.
|
Керек болатын заттар; фольга, сым, картон, әшекейге арналған түрлі түсті тастар, бисерлар, қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар
Қазақтың ұлттық әшекейлері https://www.youtube.com/watch?v=20wZuCDpxQM
Зергерлік өнерді жаңғыртушы шебер https://www.youtube.com/watch?v=IPCq1mtmHUU
Полимерді ермек саздан сырға жасау. https://www.youtube.com/watch?v=f6UswEb4ZyI
|