Сабақ тақырыбы: Қазақ ойшылы ғұлама, ғалым Әл-Фараби туралы. Сабақ мақсаты: а білімділік



бет1/4
Дата29.01.2017
өлшемі1,2 Mb.
#8221
түріСабақ
  1   2   3   4

- -

Күні: 30.11.2015жыл.

Сыныбы: 10 «б» сыныбы.

Пәні: «Адам. Қоғам. Құқық.»

Сабақ тақырыбы: Қазақ ойшылы ғұлама, ғалым - Әл-Фараби туралы .


Сабақ мақсаты:


а) білімділік:




оқушыларға қазақтың ұлы ойшылы Әл – Фараби өмірі мен тарихтағы орны, еңбектерінің құндылығы, қазіргі кездегі Әл – Фарабидің зерттелуі, ғалымдардың ой пікірлері туралы мәлімет беру.



ә) дамытушылық:




оқушыларды ортада ашық жүйелі сөйлей білуге, ой пікірін, көзқарасын дәлелдеуге, қосымша деректер мен құжаттарды пайдалана білу арқылы ізденгіштікке, шығармашылық жұмысқа баулу.


б)тәрбиелік:




Оқушыларға қоғамға өз пайдасын тигізуге ұмтылуға, шындықты, әділдікті қорғауда өздерін патриоттыққа, жан-жақты даярлауға тәрбиелеу, ұлы ғұлама ғалымның еңбектерін бағалауға, білімді, еңбекқұмар болуға тәрбиелеу. 


Сабақ түрі




Аралас сабақ, баяндау, түсіндіру, зерттеу-ізденіс тәсілі.

Көрнекілігі:




Интерактивті тақта , видеотаспа

Сабақ пәнаралық байланыс:




Әлеуметтану, саясаттану, әдебиеттану, қоғамтану, тарих, психология

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Бекіту.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Кім ақылды:



  1. «Этика» терминін философия аясына тұңғыш енгізген әрі осы тақырыпта қаламын көсілте жазған адам адамзаттың ұлы ұстаздардың бірі –

Жауабы: «Аристотель» б.з.д. 384-322ж.ж.

  1. Нақты өмірдегі адамгершілік құлықты және оны қалыптастырушы ұстанымдар жиынтығы – моральды зерттейтін философиялық ғылымды –

Жауабы: «Этика»

  1. Этиканың құрылымы неше бөліктен тұрады?

Жауабы: 3

  1. Этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейтін ол –

Жауабы: «Теориялық этика»

  1. Эвдемонизм деп –

Көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны – адамның бақытқа жетуі.

  1. Адамзаттың ерте даму сатыларында барлық халықтарда болған әмбебап әдет-ғұрып деп –

Жауабы: «Талион»

  1. Мойынға түскен ауыртпалыққа мойымай, оны қасқая қарсы ала білу дегеніміз

Жауабы: «стоицизм»

2. Кім тапқыр.

1. Негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен қатыгездік, ізгілік пен жауыздық, ар-ұждан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастыратын ол-

Жауабы: «нормативті этика»

2. Жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіретін ол -

Жауабы: «калокагатия»

3. Адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуымен етене байланысты

дүниелер ол - Жауабы: «адамгершілік мәселесі»

4. “Ұят кімде болса, иман сонда” деген мақал Абайдың қай қара сөзінде баянды етілген - Жауабы: «36»

5. “Адам баласына адам баласының бәрі - дос”- деген мақал Абайдың қай қара сөзінде баянды етілген? Жауабы: «34»

6.Жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті деп - Жауабы: «адамгершілік құлық»

7.Кант философиясының ең жоғары нүктесі деп -

Жауабы: «сана мен еркіндікті теңестіру»

8. Жақын туыстар, қандастар арасындағы ұрпақ жалғастыруды не деп атаймыз?

Жауабы: «инцест»

3. Жағдаяттар суреттер туралы


Жаңа сабақ.

Біз Әл – Фараби бабамыздың туған жеріне, оқып ғылым игерген өмірінің соңғы кездерін өткізген жерлеріне саяхатқа шығамыз.



Саяхат кезінде біз күнделік жүргіземіз. Біз саяхатымызды ұшақпен ұшып шарлаймыз. Өйткені біздің саяхатымыз тек қазақ жерінде ғана емес шетел Сирия елінде де өтеді. Сирияның Дамаск қаласы және Отырар ауданына барамыз. Сіздермен бірге әуежолсерігі болады, ол Әл – Фарабидің балалық шағы туралы айтып береді. Саяхат барысында өз әсерлеріңізді күнделікке жазып отырыңыздар. 
Күнделік: 


Жаңа мәлімет


Ұнаған мәлімет


Алған әсерім







Әуежолсерігі:
Біздің ұшақ Отырар ауданы Шәуілдір ауылына келіп қонды. Бұл ауылда біз мұражайға, театрға барамыз. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласы баяғы замандарда Фараб атауымен әйгілі болған. Отырарды арабтар Барба – Фараб деп атап кеткен. Осы мекенде әл-Фараби дүниеге келіп, жастық шағын өткізген. Нақты айтқанда әл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Весиж – Сырдарияның сол жағалауында орналасқан қала. Археологтер Весиж қалашығы Отырардан солтүстік батысқа қарай шамамен 20 шақырымдағы Ақжар сарайында орналасқан Оксус қалашығына сәйкес келетінін анықтады. Қалашық ішкі қамалдан, қабырғамен қоршалған шахристаннан және рабаттан тұрады. Қалашықтың ҮІІІ-ХҮ ғасырларда өмір сүргені анықталды. Уақыт өте келе Весиж ұмытылып, асқан ақыл ой иесінің Отаны Фараб қаласы саналып кетті.

Фарабидің толық аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки – шыққан тегі түркі дегенді, әл-Фараби – Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты – Мұхаммед, әкесінің де аты Мұхаммед, атасының аты – Тархан, бабасы – Ұзлағ. Кейде оны жәй ғана Тархани деп те атаған. Әл-Фараби түркі тайпасының дәулетті отбасында дүниеге келген, әкесі әскербасы болған. 


Отырар қаласы ІХғ тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырардағы кітапхана, ел ауызындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған. Әл-Фарабидің ғылымға деген ынтасы осы Отырар кітапханасында пайда болған сияқты. Осы аймақты мекендеген тайпалардың сонау арғы заманнан қалыптасқан өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған. Бала Мұхаммед қала медреселерінің бірінде сауатын ашып, хат танып, Отырар кітапханасының мол қорынан сусындап өскен. Тіл үйренуге жастай көңіл қойған және көп тілдерді игерген. 
Мұражай
Отырардағы «Руханият Әбу Насыр әл-Фараби мұражай – кітапханасына» қош келдіңіздер! 

Мұражайдың басты мақсаты – Қазақстанның археологиялық, этнографиялық, фольклорлық жәдігерлеріне, Әбу Насыр әл-Фараби мен ізбасарларына қатысты дүниежүзіндегі барлық көне, сирек қолжазба кітаптар мен басылымдарды, заттай жәдігерлерді насихаттап, түркі өркениетінің гүлдену дәуірінің негізін қалаған Отырар кітапхансының (ҮІІІ-ХІІІғғ) үзіліп қалған дәстүрлерін қайта жаңғыртып, фарабитану, ғылыми аударма, әдебиет және өнер т.б. зерттеу бөлімдері арқылы ғылыми – мәдени қызмет көрсету, ғылыми білім беру, ағарту жұмыстарын кешенді түрде жүзеге асыру арқылы адамдардың тарихи жады мен дәстүрін сақтауға ұмтылған терең сезімін ояту


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет