(Оқушылар құрмалас сөйлем,оның түрлері туралы не біледі,сол жайында бір сөйлем,не бір сөз тіркесін айтуы керек.Бірінің айтқанын бірі қайталамауы тиіс.)
Топты екіге бөлу.
Құрмалас сөйлем және оның түрлері тақырыбын бекіту.
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады?
Салаласа байланысқан құрмаластың түрі қандай болады?
Салаласа, сабақтаса байланысуына қарай құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Салалас құрмалас сөйлем қалай байланысады?
Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Білу I топ
Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық қатынасына қарай неше түрге бөлінеді?
Сабақтас құрмалас сөйлем қандай тыныс белгілері арқылы жасалады?
Сабақтас құрмаластың сөйлемнің жасалу жолдары қандай болады?
Біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіреді
Мысалы:Екпей,егін бітпес;үйренбей, білім бітпес. Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем – басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағыы ойға қарсы қойылатын сабақтастың түрі. Сұрақтары:Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен ? не еткенмен? Қайтпесе ? Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгілін білдіретін құрмаластың түрі. Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін ? Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.
Қимыл–сын бағыныңқылы сабақтас
бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғынын білдіретін сабақтастың түрі. Сұрақтары: қалай? Қайтіп? Не етіп? Қимыл–сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғаларданжасалады. а) – а,-е,-й және –ып,-іп,-п тұлғалы көсемше деген болады.Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген. ә) Есімше тұлғаласына – дай,-дей жұрнағы жалғанып жасалалады.Балалары анасынан туғандай, түрлері бір келбетте.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас
бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтасытың түрі. Сұрақтары: Не мақсатпен? Не етпек болып? Не үшін? Неге? а) –мақ, -мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек етістікке тіркеледі. Керек болған затты алып шықпақ болып, өзі жалғыз кірді. ә) Тұйық етістік пен үшін шылауының тіркесуінен: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек. б) Шартты , бұйрық және қалау рай тұлғалы етісітк пен деп көмекші етістік тіркесінен болады. Сол шаң тына қалар ма екен деп, Көпей самауырда есік алдына қойды.
Бағыныңқы жақ: Басыңқы жақ:
са _________________ түсінеді
Айт қан+да _______________ түсінетін еді
па+й (ынша) __________ түсінбейді
II. Бағыныңқы жақ: Басыңқы жақ:
са да _________________ түсінген жоқ
Айт қан+ша _______________ түсінсең еді
қан+мен+де ____________ түсінер емес
қанына қарамастан _____ түсініп алды
Қолдану I топ
II топ
Мысалы:
Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
2. Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
Сызбасы: басыңқы, бағыныңқы, басыңқы. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді – ат етпетінен түсті.
Сызбасы:
бағыныңқы, бағыныңқы,басыңқы, басыңқы
Талдау I топ
Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар
Екі көзі маржанға ұқсаған, шекесінде екі тал қыл мүйізі бар, ұзын сирақ, қанатты көк шегірткені көк шөптен айыру қиын.Ұшпалы сұр бүлттар көшкен керуен сықылды, тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырай нұрын шаша бастады.
I топ
Тақымынан толық шығарып алғанша бастырмалатып кеп, Жүмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жіберіп, сол сәтте шоқпарға жармасты. Жүмабайдың басын көтеріп, тымағын түзеуге мұршасы келмеді.Көшеге шығарымызды шығып алып, үй жаққа алаңдап, кү- біжіктеп кідірдік, қазір-қазір Гүлжан соңымыздан жүгіріп шығып, бізді шақырады, жанымызға келеді, ең болмаса жөндеп қоштасармыз-ау деген үмітпен ағаш үй қақпасына телміреміз.
II топ
Жинақтау
Венн диаграммасы
Аралас құрмалас сөйлем
Көп бағыныңқы сабақтас
Тест
тапсырмалары
Бағалау.
Оқушы өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма:
Ереже жаттау.
Көркем әдебиеттен бес сөйлем жазып,синтаксистік талдау жасау.