Сабақ тақырыбы: Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән-романс жанры



Дата04.07.2018
өлшемі2,8 Mb.
#46489
түріСабақ

  • Қарағанды облысы
  • Шахтинск қаласы
  • Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
  • музыка пәнінің мұғалімі
  • Аккулова Манат Жумабековна
  • Сабақ тақырыбы:
  • Қазақстан композиторларының
  • вокалдық музыкасы.
  • Ән-романс жанры.
  • Сабақтың міндеті: Тақырыпты меңгерту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
  • Мақсаты:
  • Білімділік
  • Дамытушылық
  • Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторлар шығармашылығына тоқталу, жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының белсенділігін арттыру.
  • Ән-романс жанрымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.
  • Тәрбиелік
  • Ән-романстарды тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейрімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
  • Қайталау сұрақтары:
  • XX ғасырда қандай елдерде кәсіби музыка өнері қанат жайды?
  • Осы кездегі әлемдік музыка мәдениетіне үлес қосқан композиторлардан кімдерді атар едің?
  • Ұлттық композиторлар А. Хачатурян, У. Гаджибеков, М. Ашрафидің қандай шығармаларын білесің?
  • 1. Жеке аспап пен оркестрге арналып жазылған көлемді шығарма.
  • 2. Көп дауысты вокалды шығарма.
  • 3. Қолма-қол суырыпсалу әдісімен музыка шығару.
  • 4. Театр сахнасында қойылатын музыкалық-драмалық шығарма.
  • 5. Түрлі орындаушылардан тұратын ұжым.
  • 6. Операда жеке орындалатын шағын ән.
  • 7. Ырғағы мен айтылуы қарасөзге жақын келетін вокалды шығарма.
  • 8. Жеке дауыс, хор, оркестрге арналған көлемді шығарма.
  • 9. Халық әуеніне еркін формада жазылған аспаптық шығарма.
  • 10. Негізгі тақырыбы қайталанып отыратын аспаптық шығарма.
  • Сөз жұмбақты шешу.
  • к
  • о
  • м
  • п
  • о
  • з
  • и
  • т
  • о
  • р
  • Қазақстанда кәсіби вокалдық музыка
  • ән-романс жанрынан бастау алады.
  • Романс – испан ақсүйек қауымының поэтикалық-лирикалық әні.
  • Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторларды атап шығайық.
  • Ахмет Жұбанов (1906-1968)
  • Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы.
  • А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.
  • Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981)
  • Халық музыкасы негізінде жазылған алғашқы қазақ операларының авторы. Көптеген жылдар бойы консерваторияда ұстаздық қызмет атқарды.
  • Е. Брусиловский – алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.
  • “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы.
  • Мұқан Төлебаев (1913-1960)
  • Қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыканың негізін салушылардың бірі.
  • М. Төлебаев “Біржан-Сара” операсы осы жанрдағы биік деңгейде жазылған таңдаулы шығармалардың қатарына жатады. Операда өмірде болған екі өнер саңлағының аңызға айналған айтысы, оларды қоршаған орта, әлеуметтік жағдайлар музыка тілімен көркем бейнеленеді.
  • М. Төлебаев – алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.
  • Әбілахат Еспаев (1925-1980)
  • Дарынды композитор.
  • Ә. Еспаев негізінен вокалдық музыка жанрында (ән, романс, хор, баллада) еңбек етті. Ең алғашқы туындысы – “Туған ел” әні. Оның халыққа кең тарап, үлкен сүйіспеншілікке бөленген “Ақ сәуле”, “Ұстазым”, “Сағыныш екен бала кез”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Маржан қыз”, “Шофёр әні” және т. б. әндері бар.
  • Нұрғиса Тілендиев (1925-1998)
  • Дарынды композитор, дирижёр және домбырашы.
  • Ол фольклорлық-этнографиялық “Отырар сазы” оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.
  • Н. Тілендиев – халыққа кеңінен танымал “Алатау”, “Құстар қайтып барады”, “Әже туралы ән”, “Өз елім”, “Әке туралы жыр”, “Саржайлау”, Абайдың сөзіне жазылған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” ән-романстарының авторы.
  • Шәмші Қалдаяқов (1930-1992)
  • Қазақстанның халық артисі, ән жанрында аты шыққа әйгілі композитор. Оның әндері республиканың барлық өңіріне кең тараған.
  • Ш. Қалдаяқовтың “Ақмаңдайлым”, “Ақ сұңқарым”, “Менің Қазақстаным”, “Қайықта”, “Ақ бантик”, “Арыс жағасында”, “Ана туралы жыр” және т. б. көптеген әндері әсем саздылығымен халық жанына етене жақын.
  • Музыкалық сауат:
  • Каденция – музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік немесе гармониялық құрылым. Вокалды және аспапты музыканың күрделі дамуына байланысты шығарма соңына қарай еркін орындалатын виртуоздық сипаттағы көрініс.
  • Фактура – музыкалық шығарманы жазу, мазмұндау әдісі. Мысалы, музыка сүйемелдеуші әуен ретінде немесе аккорд түрінде берілуі мүмкін.
  • Латиф Хамиди (1906-1983)
  • Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б. Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш “Домбыра үйрену мектебі” атты кітап жазды.
  • Л. Хамиди – атақты “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен қатар, “Отан”, “Аққу”, “Алтын бидай”, “Романс”, “Алматы”, “Бейбітшілік туы берік қолда”, “Лаула, костёр”, “Жайлауым – бақша жайнаған”, сынды ән-романстар жазған композитор. Л. Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.
  • Дыбыс ұзақтықтары:
  • Әуен – саздардағы дыбыстар бір-бірімен түрлі биіктіктерімен ғана емес, сондай-ақ түрлі айтылу, естілу ұзақтықтарымен де ерекшеленіп ажыратылады.
  • Нота белгілері музыкалық дыбыстардың биіктігі мен ұзындықтарын бірден қатар көрсетіп тұрады. Дыбыс ұзақтықтары мынадай белгілермен белгіленіп, есептеледі.
  • Тест
  • Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім?
  • а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов; в) Ш. Қалдаяқов; г) Л. Хамиди.
  • Фермата дегеніміз не?
  • а) Дыбысты қысқа созу белгісі; б) Дыбысты еркін созу белгісі;
  • в) Дыбысты шығармау белгісі; г) Дыбыстың үндестігі.
  • Қазақ драма театрының алғашқы репертуарындағы пьеса қайсы?
  • а) “Бүліншілік”; б) “Майдан”; в) “Еңлік-Кебек”; г) “Түнгі сарын”.
  • Қазақтың халық аспаптары оркестрін алғаш құрған адам кім?
  • а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов; в) А. Затаевич; г) Б. Ерзакович.
  • А. Жұбанов музыкатану ғылымындағы жазған еңбегін көрсет:
  • а) “Қазақ – ұлт аспаптары”; б) “Ән өнері және уақыт”;
  • в) “Замана бұлбұлдары”; г) “Саз теориясы”.
  • 6. Симфония дегеніміз не?
  • а) Оркестрге арналған көлемді шығарма;
  • б) Хорға арналған көлемді шығарма;
  • в) Аспаптарға арналған шығарма;
  • г) Камералық саз.
  • 7. Қазақ музыка өміріне зор із қалдырған, қазақ вальсінің патшасы кім?
  • а) Қ. Қожамьяров; б) Б. Жамақаев; в) Ш. Қалдаяқов; г) Е. Рахмадиев
  • 8. “Көшкеруен” күйі қай сазгердің шығармашылығы?
  • а) С. Тұрысбеков; б) К. Күмісбеков; в) Д. Нұрпейісова; г) Н. Тілендиев
  • 9. Сазгер Ш. Қалдаяқовтың әнін белгіле:
  • а) “Сырласу вальсі”; б) “Махаббат вальсі”;
  • в) “Әнім сен едің”; г) “Әке туралы жыр”.
  • 10. Қазақтың тұңғыш операсы қайсы?
  • а) “Айман-Шолпан”; б) “Ер Тарғын”; в) “Қыз-Жібек”; г) “Амангелді”.
  • Үйге тапсырма:
  • Композиторлар шығармашылығын оқу, әнді жаттау, музыкалық сөздіктерді жаттау, дыбыс ұзақтығын жаттау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет