Сабақ Тақырыбы: Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі1,49 Mb.
#26953
  1   2   3
Темірастау орта мектебі

Бекітемін:__________

Оқу ісі орынбасары: Ж.Мұхтар

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы

8-класс


("жаратылыстану және техникалық пәндер" бірлестігінде)

Өткізген: Мұхтарова Гүлшат Жарасқызы

информатика пәні мұғалімі

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазіргі компьютерлердің архитектурасының даму тенденциясымен, компьютер саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру

Дамытушылық: оқушылардың таным шекарасын кеңейту, ойлау қабілеттерін, логикасын, өрісін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды қауіпсіздік ережесін сақтауға, бір біріне көмектесіп, жұптық, топтық жұмыстарды жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өткізу әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, ойын элементтері, жеке, жұптық жұмыстар

Сабақтың пәнаралық байланысы: қоғамтану, ағылшын тілі, орыс тілі

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютерлер

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу, буктемелер, плакаттар, фишкалар, карточкалар

Сабақтың барысы:


  1. Сабаққа дайындық кезеңі

  2. Қызығушылықты ояту кезеңі («Балық аулау» ойыны)

  3. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

  4. Қосымша ақпар (электронды оқулықпен жұмыс)

  5. Жаңа білімді бекіту кезеңі («Лото» ойыны)

  6. Сабақты қорытындылау

Сабаққа дайындық кезеңі : саламатсыңдар ма оқушылар?! Бүгін класта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Қане барлығымыз бері қарайық, сабаққа дайындықтарын қалай? Олай болса жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Біз оқу жылы басталғалы үш тарауды аяқтадық, олар «Ақпарат және информатика», «Сандар, санау жүйелері», «Компьютердің логикалық негіздері».Бүгін жаңа тарау, жаңа тақырып бастаймыз «Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясы». Жаңа тақырыпты бастамас бұрын біз алдыңғы үш тараудан не үйрендік, компьютер туралы 7-класта не өттік,соны еске түсіру үшін «Балық аулау» ойынын ойнайық.

Қызығушылықты ояту кезеңі:

  • Компьютер дегеніміз не?

  • Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылымды не деп атайды?

  • ДК­-дің негізгі үш компонентін ата? Қызметтері қандай?

  • ДК-ге тиесілі барлық құрылғыларды неше топқа топтаймыз?

  • ДК дің ішкі құрылғылары қайда орналасқан? Оларға нелер жатады?

  • ДК дің сыртқы құрылғыларына нелер жатады?

  • Мына құрылғыларды топтастыр (енгізу, шығару қызметтері бойынша): микрофон, принтер, сканер, колонка, монитор, пернетақта, тышқан, джойстик,интерактивті тақта, интерактивті тақта қаламы

  • Дербес компьютердің құрылғылары атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? Қандай?

  • Дербес компьютердің құрылғылары орналасуы бойынша неше топқа бөлінеді? Қандай?

  • Компьютердің қандай түрлерін білесің?

  • Ксерекс, сканер, принтер құрылғыларының қызметін білесің бе?

  • Монитордың анықтылығы неге байланысты?

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Сонымен өткен мәліметтерді еске түсірдік. Білетініміз көп екен, ал бүгінгі сабаққа тағы да қосымша тың мәліметтер алатын болысыңдар.

Қазіргі компьютер архитектурасының даму тенденциясына келсек, компьютерді соңғы модельдерімен қоса мынадай төрт топқа бөлеміз:



  1. Дербес компьютерлер

  2. Тасымал компьютерлер

  3. Планшеттік компьютерлер

  4. Қалта компьютерлер

Міне әрқайсысының тобына жататында экранда бейнеленген. Енді ДК архитектурасына келсек:

Дербес компьютердің

негізгі құрылғыларына –

жүйелік блок, монитор, пернетақта

жатады.


Дербес компьютердің ішкі құрылғыларына

жүйелік блоктың ішіне орналасқан

құрылғылар жатады.

Сыртқы жадтайтын құрылғыларға –

флешка, CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW дискілері,

иілгіш дискеттер жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет