Сабақ тақырыбы Азот. №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі»



бет1/2
Дата07.02.2020
өлшемі186,5 Kb.
#57397
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
СЖ Азот. №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі »

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1А.

Мектеп: НЗМ. Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Азот. №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі »




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсінеді

- азот молекуласының құрылысын сипаттау

- азотқа периодтық кестедегі орны бойынша сипаттама беру

- азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар біледі:

  • зертханада қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтермен қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігін түсінеді

  • азоттың периодтық кестеде орналасуына сипаттама бере алады

  • Азот оксидерін және олардың қоршаған ортаға әсерін біледі

Көпшілік оқушылар біледі:

  • Азот молекуласының құрылысын түсінеді және бейнелей біледі

  • Азоттың басқа элементтермен салыстырмалы сипатын жасай алады

  • Азоттың енжарлылығын дәлелді түрде түсіндіре алады

Кейбір оқушылар біледі:

  • Экологиялық проблемаларды шешудің жолдарын көрсете алады

  • үштік байланыстың салдарын түсіндіре біледі

  • азотқа қарап фосфорға болжам жасай алады

Бағалау критерийлері

Азот молекуласының формуласын біледі

Азот молекуласының түзілу схемасын түсіндіре алады



Тілдік мақсаттар


Сұрақтар қою және оларға нақты дұрыс жауап беру, азоттың

  • таңбасы...

  • молекулалық формуласы...

  • периоды және тобы...

  • реттік нөмірі...

  • салыстырмалы атомдық массасы...

  • протон, нейтрон және электрон сандары...

  • периоды және тобы...

  • салыстырмалы молекулалық массасы...

  • электрондық формуласы...

  • тотығу дәрежелері...

  • физикалық қасиеті...

Пәнаралық лексика және терминология

Азот – ауаның құрамына кіреді, көлемдік үлесі...

Жер қыртысының ... салмағында ... азот болады т. б.

Сұхбат/хат үшін сөздердің пайдалы топтамасы

Нелер орын алады егер ...?

Ауадағы азоттың мөлшері көбейсе, онда ... ?

...ағзалар өледі/ қалдықтар ыдырайды?

Қалай …


Азоттың тотығу дәрежелері ..................................., неліктен?

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

қауіпсіздік ережесі

техника безопасности

accident prevention

азот

азот

nitrogen

электрондық құрылым

электронное строение

electronic structure

байланыс саны

количество связи

the amount due

т.б.










Құндылықтарды дарыту

Экологияны таза ұстауға тәрбиелеу.

Мектеп миссиясын, пайымдауды және ЖА қалыптастыру

Мәңгілік ел Жалпы әлемдік және аймақтық маселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандык катысуы құндылығы тұрғысында

  • құрмет

  • ынтымақтастық

  • өмір бойы білім алу

құндылықтарын дарыту ынтымақтастыру атмосферасын құру, әңгіме-сұхбат жасау арқылы, топтық жеке сыныппен бірлесе отырып тапсырмаларды орындау барысындағы нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Азотқа жалпы сипаттама беру мақсатында, азот қосылыстарының қоршаған орта мен тірі ағзаларға әсері

  • биологиямен

  • экологиямен

  • географиямен

байланыстыру арқылы іске асады.

АКТ қолдану дағдылары

Азоттың қоршаған ортаға әсерін интернет жүйесінен қарастырылады. Презентация, бейнетаспалар, суреттер, сызба кестелер көрсетіледі.

Бастапқы білім


Алдыңғы бөлімдердің барлығымен дерлік байланыс бар

Атом құрылысы (2) (7.1В)

Химиялық реакциялардың мысалдары (7.2В)

Химиялық реакциялардың мысалдары(9.1С)





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 минут

4-10 минут


Ынтымақтастық атмосферасын құру

Шеңбер түзе айнала дөңгелекке тұрып шаттық шеңберін ұйымдастыру. 1, 2, 3, 4-ке дейін санау және төрт топқа бөліну ұсынылады.

Химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру мақсатында химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері бейнеленген суреттер мен онлайн ресурстар таратылады.


Химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері бейнеленген онлайн ресурстар, арнайы журнал


Сабақтың ортасы

11-15 минут

16-21 минут

22-30 минут

31- 40 минут

41-50 минут

51-60 минут

61-66 минут


67-77 минут


Қауіпсіздік ережелері талқыланып болғаннан кейін жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылардың өздеріне тапқызамын, ол үшін оқушыларға тақырыпқа қатысты жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ: Бұл элементті алғаш рет ағылшын химигі Д.Резерфорд сипаттап, 1772 жылы, осы элементтің ресми ашылған жылы болып есептеледі. Бос күйінде бұл элемент екі атомнан тұратын жай зат түзеді. Ауаның құрамында оның 78,1% кездеседі. Байланысқан күйінде бұл элемент бейорганикалық тұздар, (селитралар) және нәруыздар шірігенде пайда болатын өнім аммиак түрінде кездеседі.

Бұл қай элемент?

Әңгіме-сұхбат жүргізу мақсатында азоттың периодтық кестеде орналасуына сәйкес сипаттама беру үшін оқушыларға төменде берілген сұрақтарға жауап беру ұсынылады:



  • таңбасы...

  • молекулалық формуласы...

  • периоды және тобы...

  • реттік нөмірі...

  • салыстырмалы атомдық массасы...

  • протон, нейтрон және электрон сандары...

  • салыстырмалы молекулалық массасы...

  • электрондық формуласы...

  • тотығу дәрежелері...

  • физикалық қасиеті...

(I) (F)

Жеке тапсырма: Нүктелер және айқыштар арқылы азот молекуласының сыртқы қабаттағы электрондарды тауып, азот молекуласының электронды құрылымын салуы керек.





Топтық жұмыс
Тапсырма:
Азот молекуласының түзілуін сутегі және оттегі молекулаларының түзілуімен салыстыру
.

(W) Үштік байланыстың салдарын талқылаңыз: байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.



Қорытынды жасау: сутегі молекуласының байланыс реті 1, оттегі молекуласының байланыс реті 2, ал азот молекуласының байланыс реті 3-ке тең. Үштік байланыстың түзілуі салдарынан азот енжарлық танытады, байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет