Сабақ тақырыбы: Б. Момышұлы. «Жауынгердің тұлғасы»



Дата23.08.2017
өлшемі63,62 Kb.
түріСабақ

Сынып 6 «А»

Қазақ әдебиеті


19.01.2016ж

Сабақ тақырыбы:

Б.Момышұлы. «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесі

Жалпы мақсат:

«Жауынгер тұлғасы» атты үзіндіні талдай отырып, Ұлы Отан соғысы, ондағы ерліктер, жауынгерлердің еліне деген патриоттық сезімдерін жеткізу. 

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 6-сыныпқа арналған оқулығы

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

1.Б.Момышұлы туралы, оның шығармашылығы туралы біледі, әңгіменің мазмұнын игереді, көркем тіліне назар аударады. 
2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастырады. 
3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді. 

Сабақта қолданылатын материалдар:

Шығарма кестесі, екі түрлі түсініктеме күнделігі, плакаттар, ақ парақтар.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Бауыржан ата» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Бауыржан Момышұлы туралы деректер.

Видео «Бауыржан Момышұлы»




Талдау,жинақтау,қорыту.


ІІІ. Жаңа тақырып

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.


Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

I. Сұрақ-жауап:

1. Біз өткен сабақта қандай шығармамен таныстық?

2. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылған?

3. Бауыржан Момышұлы қай жерде және қай жылы дүниеге келген?

4. Бауыржан Момышұлы қай жерде оқыған?

5. И.В Панфилов дивизиясы қайда жасақталған?

6. Бауыржан неше жасында полк командирі болды?

7. «Волоколамск» тас жолы кітабының авторы кім және ол кітапта кім туралы жазылған?

8. Бауыржан Момышұлы туралы қазақ филм студиясында қандай филм түсірілген?

9. Қандай шығармалардың авторы?

10. Бауыржан Момышұлына қай жылы халық хаһарманы атағы берілді?

ІІ. Мәтіннін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу.

Жоспар:

1.Әңгімеде қай жердегі соғыс туралы айтылған



2.Қарашаның 26 жаңасы.

3. Двизия штабындағы кездесу

4. Болған оқиғаны баяндау

5. Немістер қонған Десятидворканың талқандалуы

6. Генерал аға лейтенант Бауыржан Момышұлын полк командирі етіп тағайындайды

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға мәтін беріледі, сол берілген мәтінді талдайды

ІV. Дәптермен жұмыс



Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер

Тұрақты тіркестерді мәтінен тауып дәптерге жазу

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Төртеу түгел болса төбедегіні алады.

Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

Мың қабат торқаңнан, тоқтышағымның терісі артық.

Түсінжылыту,

Сәтітүсу,

Сыбағасынбердік,

етжеп,сорпаішкендейболды,

бетіқайтты,

шүйдеден соғу,

жолы болу,

түкіргентүкірігі жергетүспеу. т.б.

Ер жігіт елі үшін туады, елі үшінөледі.

Айлалыбатыр алдырмас.

Батыл болмай,батыр болмайсың.

Батыр бір оқтық.

Батыр мың қол бастайды, шешенТар жерде сөз бастайды.



Ерлік Білекте емес,Жүректе.

V.Қорытындылау

Постер қорғау.

Соңғы сөзді мен айтамын!
Жауынгердің тұлғасы сенің ойыңша қандай болуы керек?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Эссе: «Қанмен жазылған кітап»


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау


Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Каталог: uploads -> doc -> 00bd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00bd -> Өрмекшітәрізділер түрлерінің сан алуандығы
00bd -> Сабақ мақсаты Тағамдардың аттарымен танысу. Саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата білу
00bd -> «Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны » (Мұхтар Шахановтың 70 жасқа толуына арналған әдеби-сазды кеш)


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет