Математика. Дәптердегі бірінші тапсырма дұрыс орындалса, бірінші бағанда жұп, екінші бағанда тақ сандар шығады. Орындалған тапсырмаларды тексеру барысында оқушыларға бірінші және екінші бағандардағы сандарды салыстыруды ұсыныңыз.
АКТ. Оқушыларға дәптердегі бірінші тапсырманы ActivInspire бағдарламасын пайдаланып, интерактивті тақтаға орындатуға болады.
Жаратылыстану. «Тамақтану ережесі» тапсырмасын орындаған кезде әр топ өз жұмысын әсемдеп безендіреді.
|
Сабақта оқушылар сөйлеу мәдениетін әңгімелесу, талқылау арқылы дамытады. Жаңа сөздермен күнделікті өмірде таныс болуы мүмкін. Оны «Қағып ал» ойыны арқылы меңгертуіңізге болады. Допты бір оқушыға үйренген сөздердің бірін айтып лақтырасыз. Қағып алған оқушы сөзді басқа орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтып, келесі оқушыға лақтырады. Осылайша ойын жалғаса береді. Тірек сөздерді оқушылар жұмыс барысында қолдануын қадағалаңыз.
|