Сен білесің бе? Бұл айдарда оқушылар Алматы қаласының атауы қалай пайда болғанын біледі. Оқушылардан саяхатымыздың соңғы аялдамасы Алматы қаласы екенін айтыңыз. Алматы еліміздің қай аймағында орналасқанын анықтап, Қазақстан картасынан көрсетулерін сұраңыз. Қаланы неліктен осылай атағанын сұраңыз. Оқулықтағы айдардың мәтінін оқыңыз. Оны деректі материалдардан алынған мәліметтермен толықтырыңыз.
|
Бұл сабақта үш тілдегі тірек сөздерді меңгерту 1-тапсырманы орындау кезінде қамтылады. Мұғалім мәтінмен жұмыс істеудің алдында сөздердің мағынасына қарапайым түсінік береді. Үлестірме парақша түрінде үш тілдегі тірек сөздерді әр топқа араластырып беріп, аударма реттілігімен қоюды тапсыруыңызға болады.
Ас дастарқанға қалай келеді?
– Әже, ас дастарқанға қайдан келеді?
– Балам, ас дастарқанға оңайлықпен келмейді. Бұл – халықтың еңбегі. Әжесі мен немересі арасындағы әңгіме қалай аяқталды деп ойлайсың?
Мақал-мәтел
«Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?
|