Математика. Жұмбақтарды шешкен кезде оқушыларға Ботаның қоржынынан алған заттарды санауға тапсырма беріңіз. Заттарды тура және керісінше санау қажет. Бұдан кейін бұл қатарды тағы да екі затпен толықтырып, қанша зат болғанын айтқызыңыз. Мысалы: сусабын, жуынуға арналған гель, ауыз шаятын сұйықтық және т.б.
АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар интернеттен гигиена заттарының суреттерін табуына болады.
|
Қосымша тапсырма ретінде жұмыс дәптерінде сабын және тіс пастасы қораптарының суреттерін ойлап табуға және оларды салуға тапсырма
берсеңіз болады.
|