Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет150/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Қауіп-қатер бізге кез-келген уақытта және кез-келген жерде кездесуі мүмкін. Ол көшеде, қалада, орманда, суайдының жағасында, өзен көлдерде және тіпті үйде де кездесуі мүмкін. Біздің үйіміз ең қауіпсіз, ыңғайлы және сенімді орын екеніне сенімдіміз. Ғалымдар адамның тұратын үйі тіпті де қауіпсіз емес екенін анықтады. Адам өз үйін тұрмысқа қажетті түрлі заттармен және механикалық құрылғылармен толтырды. Бұл заттарға тұрмыстық техника, ыдыс, жиһаз, үшкір және кескіш заттар және т.б. жатады. Сондықтан үйде жазатайым жағдайдың болуы әбден мүмкін.

Тұрғын үй қауіпті оқиғаларға себеп болмай, нағыз қорған болуы үшін қауіпсіздіктің ықтимал көздерін білу қажет. Байқампаз және мұқият болсаң, онда ешқандай да жаман оқиғаға ұрынбайсың. Адамның ең маңызды өнертабысының бірі тұрмыста газды жылыту, су ысыту, тамақ дайындау үшін қолдану болып табылады. Алайда газ өрттің немесе уланудың себебі болуы мүмкін. Егер ас дайындайтын бөлмеде жинақталып қалса, жарылуы мүмкін. Газдың иісін сезген сәтте үлкендерге тез хабарлау қажет. Бірден терезелерді ашыңыз, пәтерді тексеріңіз. Газ плитасындағы крандар жабық тұрғанын тексеріңіз. Бұл жағдайда ешқашан шамды және сіріңкені жақпаңыз. Газ иісі сезілгенде бірден 104 нөмірін теріңіз.



Абайла, қауіпті! Оқушыларға оқулықтағы 1-суретке қарап, дұрыс қолданбаған жағдайда қауіп-қатер туғызатын заттарды табуды ұсыныңыз. Тапсырманы оқушылар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Суреттен қауіп-қатер түрін көбірек тапқан оқушы жеңімпаз болады. Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетінше оқып шықсын.
Сұрақ ойлап тап. Жұпта жұмыс жүргізіңіз. Оқушылардан 2-суретті қарап, сол бойынша бір-біріне 1-2 сұрақ қоюын тапсырыңыз. Әр оқушы бір сұрақтан қойып, берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Оқулықтағы 2-мәтінді оқуға беріңіз.
Орындап көр. Оқушылар үйдегі өз қауіпсіздік ережелерін ойлап табуы тиіс. Тақтаға №1 ереже жазылған плакат іліңіз. Оқушыларға электр құралдарын пайдалану ережелерін құрастыруға 2 минут уақыт беріңіз.
Жауабы: №1 ереже. Үйден шыққан кезде міндетті түрде теледидарды, үтікті және басқа да электр құралдарын өшір.
Мынадай сұрақ қойыңыз: «Ойын кезінде аталған қырлы, кескіш заттарды атаңдар»
Жауабы: Пышақ, қайшы, шанышқы, тоқитын біздер, ет тартқыш
Мына қатарды қандай заттармен толықтыруға болатынын сұраңыз.
Жауабы: Жапсырма шегелер, біз, түйреуіш, шеге,
Мына заттар қауіпсіз болуы үшін қандай ережені сақтау қажет екенін сұраңыз.
Жауабы: Барлық үшкір, түйрейтін және кескіш заттарды өз орындарына қою қажет.
Оқушыларға мына заттарды қолдану ережелерін құрастыруға 2 минут беріледі. Тақтаға «№2 ереже» ілінеді. Үйге жайлы жағдай не үшін қажет екенін сұраңыз. Жауабы: «№2 ереже. Үйдің іші реттеліп тұрғаны жайлы жағдай үшін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік үшін де қажет.
Оқушылардан тұрмыстық химия туралы білетінін сұраңыз.
Жауабы: Бұл кір жуатын ұнтақ, ыдыс жууға арналған құрал, әйнек жууға арналған құрал, желім.
Тақтаға № 3 ереже ілінеді. Бұл заттармен уланып қалмау үшін қандай ереже сақтау қажет екенін сұраңыз.
Жауабы: Балаларға химикаттарды ұстауға, тіпті ашуға болмайды. Химикаттар улы. Уланып қалмау үшін ұқыпты болу қажет.
Оқушылардан жұмбақтарды тыңдап, шешуге тапсырма беріңіз.
«Ас үйде анама керемет көмекші, Шырпыдан от алып, алауын береді.
Бұл қауіп естілмейді және көрінбейді. Ол не?»
Жауабы: Бұл – газ.
Газ плитасы не үшін қажет және ол несімен қауіпті екенін сұраңыз.
Жауабы: Онда тамақ дайындайды. Дұрыс пайдаланбаса, одан өрт шығуы мүмкін.
Оқушыларға №4 ережені құрастыру үшін 2 минут уақыт беріңіз.
Егер газ иісі білінсе, не істеу қажет екенін сұраңыз (оқушылар жауап беруге қиналса, өзіңіз айтып беріңіз).
Жауабы: №4 ереже (тақтаға ілінеді). «Пәтерде газ иісін сезгенде 104 нөміріне хабарласыңыз!»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет