Орындап көр. Оқушыларға екі өзен тоғысында орналасқан елді мекеннің суреті бар қалыпты таратыңыз. Оқушылар ермексазды қалыптың бетіне жағады. Содан кейін жарманы ұқыптап себе отырып, сурет шығарады. Соңында композицияны гуашьпен бояйды.
|
Негізгі мәтінді оқыған кезде тірек сөздерге назар аударыңыз. Тірек сөздер оқушыларға таныс емес болуы себепті, «Дирижер» ойынын өткізіңіз.
Оқушылардың біреуі тақтаға шығып, дирижердың таяқшасымен бір қатарды көрсетеді. Оқушылар осы белгі бойынша қазақ тілінде тірек сөзді атауы қажет. Содан кейін «дирижер» үшінші қатарды көрсетеді. Оқушылар бұл сөзді ағылшын тілінде айтады (дирижер таяқшасының орнына мұғалімнің сілтеу таяқшасын қолдансаңыз болады).
|