Ы. Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:Бауыржан Момышұлы
«Ұшқан ұя» романынан үзінді
.
Бастауыш сынып
мұғалімі: Самидосова М. А.
Сыныбы: 2 «А»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Күні :23.01.2014
Сыныбы:2 «а»
Пәні:Әдебиеттік оқу
Мұғалімі:Самидосова М.А.
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Бауыржан Момышұлы ұлылығын
терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан
үлгі алу,Бауыржан шыншылдығының дәрежесінің
адамгершілік кемелдігіне тоқталу.
ә)дамытушылық:Топпен жұмыс негізінде
оқушының ойлау қабілетін дамыту, өз ойын
тұжырымдауға және басқалардың пікірін
сыйлауға үйрету.
б)тәрбиелік: Ұлттық тәлім-тәрбие ,өнеге, салт-
дәстүрді , отанды сүйетін ұлтжанды,парасатты,
сезімтал ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: портрет, слайд, бейне фильм,
Түрі: саяхат.
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: келген қонақтармен амандасу,таңғы шеңбер (күн сәулесің төгеді қыста туған балаларға,жазда ...., бүгінгі сабақты қалай өткіземіз. Айдай ....)
ІІ. Бейне фильм көру . Мұғалімнің сұрақтары :1. Біз не көрдік? (кино , видиофильм т.б.)
2. Кім туралы ? (Б. Момышұлы туралы )
3. Б. Момышұлы ол кім? (жауынгер, жазушы, қолбасшы, Халық Қаһарманы)
4. Б. Момышұлы туралы мәлімет (мұғалім оқиды)
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері – Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алды. Туған ауылына қайтып оралған соң , ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан әскерқатарына шақырлып , түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болды.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды , батальон, полк
командирі қызметтерін атқарды.Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
1990 жылы Кеңес Одағының Батыры, 1995 жылы Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.
ІІІ. Саяхатқа шығу. (балалар Бауыржан атамыз бізге Аралда қазына тығып кетіпті )
1 тапсырма : Балалар сендер сабақтарыңды үнемі орындап жүресіңдер ме? (үй тапсырмасын тексеру)
2 тапсырма:Оқулықтағы 127 бет. «Ұшқан ұя» әңгімесін оқу . (сұрақтар қою 1. Кім туралы жазылған? 2. Б. Момышұлының қай кезі ? 3. Бала Бауыржан неге ұялды?4. Келген қонақтар ең алдымен не сұрайды? (атымды сұрайтын) Содан соң? (жеті атасын сұрайды )
3 тапсырма: Жеті атанды жаз.
Әкеге мен-бала,
Атаға-немере.
Немере баласы-
Болады шөбере.
Шөбере баласы-
Шөпшек деп аталар.
Шөпшектің баласы-
Немене саналар.
Осы ұрпақ жалғасы.
«Жеті ата» бола алар.
4 тапсырма. Топпен жұмыс (балаларды топқа бөлу)
1топтын тапсырмасы
Бала Бауыржан
2 топтын тапсырмасы
Б. Момышұлы
5 тапсырма . Сергіту сәті (төрт қадам алға)
6 тапсырма. Жұппен жұмыс . Амандасу түрі . Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер? 1жұп: жасы кіші адам жасы үлкен адаммен амандасуы. 2 жұп: құрдас, жолдастардын амандасуы. 3 жұп: құрбылардын амандасуы (мұғалім амандасу туралы мәлімет береді
Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумғалейкүм» деген сөзден басталады. Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып , алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын» деген екен. Осылай қол беріп амандасқаннан кейін амандасушылар хал-жағдай сұрасқан.
Жолдас, құрдас , ағайын-туыстар қауышып амандасады. Олар әуелі қос қолдап амандасып, содан соң құшақтарын жайып барып бір – бірімен төс қағыстырып, оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасқан. Осылай қауышып амандасу ер-азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады.
Құрбылар бір-бірімен бетінен сүйіп амандасады.
7 тапсырма. Тест
Сабақты қортындылау (сұрақтар қою)
Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөз құрастыр:
Ел тану деген - ...
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Өз қадірін білмеген –
Ер қадірін білмейді.
Ер қадірін білмеген
Ел қадірін білмейді.
-деп айтқан Бауыржан атамыздын сөзін болашақ өмірімізге өнеге тұтып жүретін еліміздің отансүйгіш
азаматтары сендерсіңдер , жас ұрпақ !
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |