Сабақ тақырыбы: «Бисквиттік қаусырмалар, тәтті орама, топтама»



бет1/2
Дата04.08.2017
өлшемі6,67 Mb.
#22596
түріСабақ
  1   2
«Өндірістік оқыту» пәні бойынша

ашық сабақ талдауы


Дата проведения: 2015ж.18 қараша

Топ. К 2-71, 2 курс

Сабақ тақырыбы: «Бисквиттік қаусырмалар, тәтті орама, топтама»

Өндірістік оқыту шебері– Емельянова Виктория Владимировна

Әдістер: Көрнекі, сөздік, жағдай туғызу арқылы оқыту әдісі, демонстрациялық, оқытудың интерактивтік әдісі.

Педагогикалық технологиялар: жеке тұлғаға бағыттау және дамыта оқыту элементтері, бірлесіп оқыту, денсаулық сақтау технологиялары, «Case study» технологиясы, ИК-технологии

Білім беру мақсаты: Оқушыларды бисквиттік қамырдан –қаусырма, тәтті орама, топтама өнімдерін дайындау тәртібіне және дағдыларына үйрету.
Оқушылар білімдерінің өзектілігін арттыру үшін кіріспе нұсқаулығында өткен «Бисквиттік буше жартылай дайындалған өнім» тақырыбына тест өткізілді. Сабақ тақырыбы және мақсаты, жетекші сұрақтар арқылы оқушылармен бірлесіп анықталды. Жаңа материалды зерделеу үшін үш оқушыға компьютерлік көмек арқылы «Бисквиттік қамырдың пайда болу тарихы», «Бисквиттік қамырдан жасалған өнімдердің түр-түрі», «Бисквиттік қамырдан өнімдерді дайындау технологиясы» тақырыптары бойынша қысқа-жоба дайындауға алдын-ала үй тапсырмасы берілді. Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша қазақ, неміс және ағылшын тілдерінде кәсіби-бағдарлы лексиканы пайдаланумен өздігінен терминологиялық сөздіктер дайындады.

Кіріспе нұсқаулығын өткізуде бар күш оқушылардың өздігінен іс-әрекет жасауға жұмылдырылды, әр оқушыға тапсырмалар жазылған жеке жұмыс дәптері жасалды, барлық өндірістік оқыту сабағы бойынша оқушылар өздерінің оқу жұмыстарын өздері бағалады және бағаны «Сенім картасына» қойды.

Сондай-ақ кіріспе нұсқаулығында шебер бисквиттік пирогты илеу және пирогты қалыптастыру бойынша парктикалық көрсетілім өткізді. Жаңа материал және көрсетілім бойынша «Сөз тізбегін толықтыр» тапсырмасы құрылды. Одан кейін оқушылар топтар бойынша қалыптасты, сабақтың қалған уақытында топтарда 3 адамнан жұмыс істеді (бірлесіп оқыту) Оқушылар алған тапсырма бойынша технологиялық сызбалар құрастырды, одан кейін практикалық жұмыс үшін технологиялық карта есеп айырулары жасалды, жұмыс орнында ТҚ ережелері бекітілді. (слайд-презентация)

Сабақ бойы интерактивтік көмек қолданылды (слайд-презентациялар, видеоролик «Физминутка»).

Осы нұсқаулық уақытында оқушылар топтара өздігінен бисквиттік қамырдан өнімдер дайындады.

1 топ – бисквиттік қаусырма «Шарлотка»

2 топ- жидектер салмасымен бисквиттік қаусырма 3 топ - жидектер салмасымен бисквиттік рулет

4 топ – бисквиттік топтама «Савоярди»

Қорытынды нұсқаулықта істелген жұмыстың талдауы жүргізілді оқушылар дайындалған өнімдерді өздері бағалады, Сабақ тақырыбы бойынша алған теориялық және практикалық білімдерін бекітуге көмектескен «Ақылдылар мен білгірлер» электрондық ойыны өткізілді. екінші рет білімді бекіту жағдаят арқылы міндеттерді шешу арқылы өткізілді. («Карусель» әдісі)

Рефлексия кезеңінде оқушылар «Мен білгішпін» кестесін толтырды. Осы сабақ өндірістік оқыту сабағына қойылатын заманауи әдістемелік талаптарға сәйкес өткізілді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет