Сабақ тақырыбы: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы



бет2/8
Дата04.05.2017
өлшемі1,87 Mb.
#15631
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Жаңа сабақты түсіндіру

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.


Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы.



Күш жұмысының анықтамасын,мағынасын формуласын,өлшем бірліктерін,қолданылуын тұжырымдамалық карта арқылы көрсете отырып түсіндіреді.



Сергіту сәті

Қара жорға биінің үзіндісі бейне баян арқылы көрсетіліп, оқушылар қайталайды.



Бекіту
Есеп шығару мысалы:(есептің шығарылу жолын графопроэктор арқылы түсіндіреді)

Есеп. Көлемі 0,5м3  гранит тасын 20м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер. Граниттің тығыздығы 2500 кг/м3 .



Берілгені :

v=0.5м

ρ=250кг/м3

h=20м



Шешуі :

A=F*S мұндағы F гранитті бірқалыпты жоғары көтеретін күш. Бұл күштің модулі гранитке әрекет ететін Fауырлық күшіне

тең, ал бағыты оған қарама-қарсы. Ауырлық күшін граниттің   m массасы арқылы анықтауға болады:Fa = mg .  

  Граниттің көлемі мен тығыздығын біле отырып, оның массасын  есептейміз: m=ρ*v; S=h.

Сонымен, m=2500кг/м3 *0,5м=1250кг.

 F=9,8 Н/кг*1250кг=12250Н.

A=12250н*20м=245000Дж=245кДж.


А-?

Жауабы: A=245кДж.

Оқушылар тапсырманы дәптерде орындайды.Шығарылу жолын түсінеді.

8 мин

Қорытынды

Жұптық,топтық жұмыс.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Физика және астрономия.7-сынып.Есептер мен жаттығулар жинағы. №431.

Төменде келтірілген қандай құбылыстарда күш әсерінен жұмыс істелінеді?

а) ауырлық күшінің әсерінен темір арқан тартылады;

ә)үстелге кірдің салмағы түсіп тұр;

б)газ баллонның қабырғасын қысады;

в) газдардың қысымынан цилиндрден піскек итеріліп шығарылады;

г) бала берік қабырғаға байланған жіпті тартады.

433.  Трактор тұқым себетін машинаны  жазық даламен тартып келеді. Сонда трактор қандай күшті жеңу үшін жұмыс істейді?

434.  Орнынан қозғалмаған кірге түскен ауырлық күші жұмыс істей ме?

435. Қай жағдайда күштер жұмыс атқарады?

а)тас жерге түскенде;

ә)Двигателі сөндірілген автомобиль;

б)спортшы штанганы көтергенде;

в)ауа шары көтерілгенде;

г)ату кезіндегі снарядтың оқпандағы қозғалысы;д)серіппелі пистолеттің атқандағы оқтың ұшуы. 

438.  Адам баспалдақпен үйдің жоғарғы қабатына көтерілгенде жұмыс істей ме? Лифтімен көтерілгенде ше?



Жұппен жұмыс жасап,топпен ақылдасып,талдау жасап,басқа топтарға түсіндіреді.

7 мин


Бағалау



Оқушы аты

Сұрақ-жауап


Тәжірибе жасау

Есептер шығару

Деңгейлік тапсырмалар

Қорытынды баға

















Жиынтық баға қояды


Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы жүзеге асырылады.

3 мин


Рефлексия:
Сыни тұрғыдан ойлау.
   «Жақсы, жаман» жаттығуы

- Маған бүгін жақсы, өйткені ...,

- Маған бүгін жаман ,өйткені...

Өзіндік талдау.

3 мин

Үйге тапсырма
§51.35-ж.Есептер жинағынан №441.442. 445

Талдау, бағыт беру.






Күнделіктеріне берілген тапсырманы жазады.

2 мин
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі бір рефлексифтік есеп


Оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін игеруге бағытталған Бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асыру үлкен қызығушылық тудырып, қанаттандыра түсті.Бұл оқудың нәтижесінде мен көптеген қажетті мәліметтер алдым, жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендім. Пажарес(1992) Білім беру сызбаларында(Мұғалімге арналған нұсқаулық,7-бет) көрсетілгендей, жаңа теориялық тың білім көңілге сенім ұялатып, оқу мен оқытуда жаңа көзқарас туғызды.

Осы курстың негізгі мақсаты болып табылатын жеті модуль оқу мен оқыту үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Іс тәжірибеден өту барысында курста оқып танысқан бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технолонияларды пайдалану модульдерін бірінші сабағымда қолдандым. Бағдарлама аясында бірінші бетпе-бет кезеңінде жинақтаған тәжірибелерімді негізге ала отырып, жоғарыда аталған модульдерді ықпалдастыра отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану нәтижесінде көптеген жетістіктерге жеттім. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін ұтымды пайдалана білген АКТ құралдарының мүмкіндіктері де оң әсер етті.




1-сурет.

«Шаттық шеңбері»

Менің құрған орта мерзімді жоспарыма сәйкес төрт сабағым да физика пәні бойынша 7-сыныпта өткізілді. Бірінші сабағымның тақырыбы: «Дене қозғалысы бағытындағы әрекет ететін күштің жұмысы». Сабақтың жалпы мақсаты: топтық жұмысты ұйымдастыра отырып жалпы жұмыс ұғымын және оның практикалық маңыздылығын түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет