Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
________________
№ 2 сабақ жоспары
Бағдарлама жоспары: Өндірістік кәсіпорындарға саяхат.
Сабақ тақырыбы: «Диана плюс» фабрикасына саяхат.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Тігін фабрикаларының шеберханаларына, цехтарына
оқушыларды апарып таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларға өз мамандықтары бойынша түсініктерін, пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың этетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілігі мол
азаматтар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық жабдықталуы: Тігін фабрикасының жабдықтары: тігін және арнайы машиналар, үтік, пресс.
Сабақ түрі: Саяхат.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин.
Оқушылармен амандасу.
Жоқ оқушыларды белгілеу.
Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Қол жұмысына арналған қауіпсіздік ережесі?
Тігін машинаға арналған қауіпсіздік ережесі?
Электр үтігімен жұмыс істеуге арналған ережесі?
Престе жұмыс істейтіндерге арналған қауіпсіздік ережесі?
Сабақ тақырыбы мен мақсытын хабарлау:
«Диана плюс» фабрикасына саяхат.
Жаңа материалды баяндау: Оқушыларды тігін фабрикасына апарып цехтарын ішін аралату.
Эксперементтік цех.
Пішу цехы.
Тігу цехы.
Жеке тапсырыс алатын цех.
Киімдердің үлгілерін дайындаумен сән үйі, сондай – ақ ірі тігін кәсіпорындарының эксперимент цехтары айналысады.
Эксперимент цехының негізгі міндеттері: киім үлгілері мен конструкцияларын құрастыру, сән үйінен алынған модельдердің конструкциялары мен үлгілерін дайындау технологиясын дәлдеу және жетілдіру; модельдерді өндіріске жіберуге әзірлеу; модельдер өңдеу технологияларын сынап тексеру жәнежаңа құрал – жабдықтарды пайдалану ұсыныстарын әзірлеу;жаңа модельдерді өндіріске жіберудің технологиялық процестерін бақылау; әрбір үлгіге материалдарды мөлшерлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |