Сабақ тақырыбы: Дыбыстар түрлері және дыбыстар тіркесі


а) қатаң - к,қ, п, с, т, ш, ф, х,ц, ч, щ, ћ; ә) ұяң -



бет2/4
Дата31.10.2022
өлшемі22,55 Kb.
#155793
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
2-апта қазақ тіл практикумы

а) қатаң - к,қ, п, с, т, ш, ф, х,ц, ч, щ, ћ;
ә) ұяң - б, г, ғ, д, ж, з, в;
б) үнді - й, л, м, н, ң, у болып топталады.
Дауыссыз дыбыстардың қазақтың төл сөздерінде қолданылуы біршама өзіндік ерекшеліктері бар: сөз басында екі не одан да көп дауыссыз дыбыс қатар тұрмайды; л,р дауыссыздары сөз басында кездеспейді. (жазылуы - лақ, ру; айтылуы - ылақ, ұру); сөз соңында ұяң б, д, ғ, г дауыссыздары кездеспейді. Сөз ішіндегі дауыссыздар көршілес дауыстылармен үндес дыбысталады, яғни көрші дауысты жуан болса, дауыссыз да жуан, жіңішке болса жіңішке айтылады (сыз-сіз,тұз-түз, ақ-әк). Қ мен к, ғ мен г дыбыстарын жеке-жеке фонема деп (І. Кеңесбаев) және бір фонеманың екі түрлі дыбысталуы деп (Б.Тайлақбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Татубаев) қарастырушылық бар. Соңғы жылдардағы экспериментті фонетика әдістерімен жүргізілген зерттеулердің нәтижесі к,г дауыссыздарының жасалу орнына қарай тіл ортасы, ал қ,ғ,ң дауыссыздарының кішкене тіл (веляр) арқылы артикуляцияланатынын көрсетті. ң дауыссызының тіл ортасы арқылы жасалатын жіңішке түрі (ең, іңір т.б.) бар.

  1. Дыбыстау мүшелері мен олардың қызметі.

Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Дыбыстау мүшелерінің жиындығы сөйлеу аппараты деп аталады (аппарат-мүше деген сөз). Қазақ тіліндегі дыбыстау мүшелері, негізінен мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, таңдай, ерін, тіс т.б.
Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан.
Дыбыстау мүшелері дыбыс шығару қасиетіне қарай негізінен үш топқа бөлінеді:
Тыныс мүшелері.
Тамақ мүшелері.
Қуыс мүшелері


Тыныс мүшелері
Тыныс мүшелерінің бастысы - өкпе. Өкпе қолқамен ұштасады. Қолқа екі тарамданып, жоғары жақтан кеңірдекпен жалғасады. Өкпе көрік секілді. Бірде ауаны сыртқа жібереді. Яғни экспирация жасалады. Ал бірде ауаны ішке тебеді, яғни инспирация жасалады. Ауаның кеудеге енуі өкпенің аясын кеңейтеді, ол ауаның кеудеден шығуы өкпенің аясын тарылтады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады.
Тамақ мүшелері
Тамақ мүшелерінің бастысы - дауыс шымылдығы. Тамақ - кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы. Тамақтың сырт жағында жұтқыншақ, ал іш жағында дауыс шымылдығы болады. Кеңірдектің арт жағында өңеш болады. Тамақ, пен кеңірдек-ауа, дыбыс жүретін жол. Өңеш - тамақ жүретін жол. Тамақтың іш жағында қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы болса,: ол астьңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы болып табылады. Дауыс шымыдылғының арасы дауыс түтігі деп аталады. Дауыс шымылдығы ауаға тосқауыл жасайды. Ол кейде керіліп, кейде жиырылып тұрады. Дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болады. Сөйтіп, одан үн болмайды, үн де шықпайды. Үнділерді айтқанда дауыс шымылдығы жиірек дірілдейді. Ал, ұяңдарды айтқанда сирегірек. Қатанда діріл болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет