Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу.
- Шеңбер дегеніміз не?
- Шеңбердің ұзындығының формуласы қандай?
- Доға дегеніміз не?
- Өмірден мысалдар келтіріңіздер
Оқушылар «Атом. Молекула» әдісі бойынша үш топқа бөліп отырады. (Мұғалім «Атом, атом, атом ...» сөзін айтқан кезде оқушылар үздіксіз қозғалып араласады, ал мұғалім «Молекула 4 атомнан тұрады» дегенде оқушылар қозғалыс кезінде төртеуден молекула құрай қалады.)
Топтарға шеңбер доғасы ұзындығының формуласын табуды ұсыну. Жұмыс барысында қиындық сезінетін топтарға нақты нұсқаулық беруге болады, мысалы:
1) Шеңбер ұзындығының формуласын жаз.
2) доғаның ұзындығын табыңыз.
3) градустық өлшемдегі доғаның ұзындығын табыңыз.
4) Алынған формуланы ұсыныңыз.
Топтық жұмысты топтар өздерін дескриптор бойынша бағалайды.
№
|
Дескриптор
|
|
1
|
Шеңбер ұзындығының формуласын жазады.
|
1
|
2
|
доғаның ұзындығын табады.
|
1
|
3
|
градустық өлшемдегі доғаның ұзындығын табады.
|
1
|
4
|
Формуланы қорытып шығарады.
|
1
|
Оқушылардың назарын тағы бір доғаның ұзындығын табу формуласына аудартыңыз: , мұндағы
- центрлік бұрыштың радиандық өлшемі, - шеңбер радиусы.
|