Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
Сыныбы: 6а
Математика пәні мұғалімі: Шәріпова Ж.
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
Мақсаты: 1. білімділік: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру және алмастыру тәсілімен есепетер шығара блуге үйрете отырып дағды қалыптастыру;
2.Дамытушылық: өздігінен есептеу, ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге қызығушылығын, танымдық шығармашылық белсенділігін арттыру;
3. тәрбиелік: мәдениеттілікке, сауатты жазуға, ізденімпаздық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу, дүниетанамын кеңейту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, математика, информатика.
Оқыту технологиясы: деңгейлеп-саралап оқыту;
Көрнекіліктер: планеталар суреті, интерактивті тақта;
Сабақ барысы: Ұйымдастыру: сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа зейінін жинақтау.
Сұрақ: Күн жүйесінің құрамындағы қандай планеталарды білесіңдер?
Жауап: «Жер» - бұл Күн жүйесінің құрамындағы 9 планетаның бірі. Жер Күннен қашықтығы бойынша үшінші планета. 1 тәулікте өз осін бір рет, 1 жылда Күнді толық 1 айналып шығады.
І тапсырма. Пысықтау сұрақтары:
- екі айнымалысы бар теңдеу дегеніміз не?
- екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері?
- теңдеу шешудің қасиеттерін атаңдар.
- Мына сандар жұптарының (3,0), (-4,4), (5,-2), (6,-4) қайсысы 2х+3у=4 теңдеуінің шешімі болады?
ІІ тапсырма. Үй тапсырмасы №1512 (1)
3(-4y)+7y=10 -12y+7y=10 -5y=10 y=-2 x=8 (8; -2)
«Марс» - диаметрі жағынан Жерден 2 есе кіші. Марсқа автоматты станция зертханалар жіберіліп, Жерден жіберілген бұйрық бойынша радио, теледидар арқылы Жерге жеткізіп отрды. Марстың қазақша аты - «Қызыл жұлдыз».
І тапсырма. №1515
ІІ тапсырма. Әзіл есеп. №1518
«Юпитер» - қазақша аты «Есекқыран». Ол диаметрі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы бойынша 300 есе үлкен. Басқа планеталар сияқты өз осі төңірегінде өте тез айналады. Жерден қашық орналасқан.
Деңгейлік тапсырмалар:
№1500
№1512
№1523
Сергіту сәті: Сатурн планетасының тапсырмасы. Тест тапсырмасы – «Дұрысын анықта»
Лото ойыны: Қызыл кітапқа енген мына аңдардың ішінен Қазақстанда мекендейтін ең ірі жабайы аңды атаңдар.
Архар (4;7), құлан (4;2), жайран (2;4)
Бұл сұраққа жауап беру үшін мына теңдеулер жүйесін шешу керек:
жауабы: (4;2)
Құланның биіктігі 1,5 м, салмағы 150-170 кг, мүйіздерінің арасы 1,5 см, мүйізінің салмағы 20 кг болады.
Үйге тапсырма: №1510 (2), №1513
Қорытындылау:
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |